«Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында сынып жетекшілермен семинар өткізілді. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында сынып жетекшілермен семинар өткізілді.
22
январь
2022

«Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында сынып жетекшілермен семинар өткізілді.

      «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында сынып жетекшілермен семинар өткізілді.  Мақсаты: Сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы, өзекті мәселелердің   алдын алу бағытында  бағыт-бағдар беру.

           Күтілетін нәтижелер: Тәрбие үдерісінде жаңа форматты оқыту әдістерін тиімді, шебер қолдана білетін жаңашыл, шығармашыл сынып жетекшілер қалыптасады

Семинарды МДТІЖО А.Ажмолдаева мен Л.Итемирова өткізді. 

Ең алдымен «Комплимент»  жаттығуы арқылы амандасты. Ұстаздар  өзінің жанында тұрған адамға оның бір жақсы жағын ,қасиетін айтты .Ол адам ризашылдығын білдіріп , келесі ұстазға өз жылы сөзін тілегін айтып жалғастырады. Жаттығу соңында  ұстаздар айтылған сөз айтқан адамға емес , естіген адамға жағымды болды деген шешімге келді.

          Қызығушылықтарын  ояту үшін  «Сіз қандай сынып жетекшісіз?» Психологиялық тест жүргізілді.   Сынып жетекшілер берілген фигураларды саны бойынша таңдады.

1-2-3 таңдағандар- Кез келген ортада өзін көрсете алатын,ашық,жарқын,көпшіліктің алдына шыға алатын,істеген істерінен нәтиже шығара алатындар,бірақ бұл топтағыларды жиі мақтап қоймаса істері алға баспайды,мақтауды сүйетін жайдары жандар

4-5 таңдағандар- Жұртқа үйреткенді жақсы көретін,жаңашыл,білмегенін сұрайтын,ізденіп жүрген, барлық істерге заманауи көзбен қарайтын жаңашыл сынып жетекшілер

7-8-таңдағандар-Керісінше бұл топтағылар ойын сыртқа шығара алмайтындар,бірақ үнемі ізденісте жүретіндер ізденімпаз білімділер. 9-10-кез келген істі ең бірінші орындайтын, дер кезінде бұлжытпай орындайтын,барлық жаңашыл нәрсені ең бірінші үйреніп, ізденімпаз көшбасшы сынып жетекшілер болды.

           Осы бойынша сынып жетекшілер топқа бөлінді.   Өзінің ішкі топтағы ережесін құрды . 

           «Ойын ойнап, ән салмай ,өсер бала болама» деп Абай атамыз айтқандай , мектепте оқу процесі ғана емес жарыс, сайыс,квн –дер де жүрмесе көңілсіз болады сондықтан да, сынып жетекшілермен «Ұстаз тұлғасы»   рөлдік ойынын өткіздік. Ортаға белгілі бір бейнедегі ұстаз сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз - лидер» т.с.с.) карточкалар бар үлкен қорап қойылды. Әр бір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір карточканы алды. Мұғалім өз карточкасындағы берілгенді ойнап көрсетуі  тиіс   болды. 

          «Білімді мыңды жығар» сұрақтарға жауап беру сайысы өткізілді. Тәрбиенің сегіз бағыты бойынша сұрақтар беріліп, сынып жетекшілер соған жауап берді.

 «Жағдаяттан жол таба біл!» оқушы мен мұғалім арасындағы ситуациялық сұрақ қойылды, сол ситуацияны ойнап, шығу жолдарын көрсетті.

Сондай-ақ  интербелсенді әдіс туралы айтып өтті.

Семинар соғында « Рахмет» жаттығуы. Жасалынды.  Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу болды.



Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru