"Ұлттық мектеп лигасы" жобасы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2024

"Ұлттық мектеп лигасы" жобасы

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» 

спорт жарысы

           Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен. 

           Осы орайда «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ бойынша 2024 жылдың  15 наурыз күні   «Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесіне» орай  «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»  тақырыбында түрлі ұлттық ойындар арасында жарыс өткізілді. Жоба аясында мектеп бойынша 2-10 сынып оқушылары, барлығы  95 оқушы қатысты. 

            Жобаға  мектепішілік, аймақтық, аудандық , облыстық  спорттық  жарыстардың жүлдегерлері қатысты. 

             Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда  ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау қажеттігін атап өткен болатын.   «Біртұтас тәрбие бағдарламасында» ұсынылған «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында жоспарға сәйкес жыл аралығында «Денсаулық фестивалі», «Асық ату-day»,  «Арқан тартыс» сияқты іс-шаралар өткізілді. Солардың қатарында «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» тақырыбындағы спорттық жарыс та ұйымдастырылды. Спорттық жарыс ұлттық ойындардан құрылды: гір тасын көтеру, арқан тартыс, асық ату, қазақ күресі. 

            Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамына орай ұлттық ойындар тарихын жандандыру, ұлттық ойындарды насихаттау; ұлттық құндылықтарын қадірлеу,патриоттық сезім қалыптастыру.

           Ұлттық ойындар өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев ұлттық ойындарды «халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтырудың негізгі элементі» деп тұжырымдаған. Күрес адамның бұлшық еттерін қатайтып, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, тез ойланып, тез әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата жастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқ басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып тірсектен шалу сияқты әдістердің барлығын қолдануға болады. Осы секілді ұлттық ойындарымыз: асық ату, арқан тартыс, білектесу ( қол күрес) тағы басқа түрлері адам денсаулығын жақсартумен қатар бауырмалдылыққа баулыйтын қасиетттерге ие. 

            «Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз, сол елге лайық болу - ұранымыз» деген желеумен   өткен жарыс 4 түрлі ұлттық ойындармен өткізілді: 

1. «Гір көтеру» ұлттық спорт   жарысына 9-10 сынып оқушылары қатысты.

2. «Арқан тартыс» ұлттық ойынына 5-6 сынып оқушылары қатысты.

3. «Қазақ күресі» ұлттық спорт жарысына 38-32 кг салмақ дәрежесіндегі  жасөспірімдер қатысты.

4.  «Асық ату» ұлттық ойынына  3-4   сынып оқушылары қатысты. 

            Әділ қазы алқалары дене шынықтыру пәні ұстаздары Д.Т.Капалбаев, М.Шаяхмет, Т.Ганин болды.  Жарыс  ҚР мемлекеттік Гимнмен басталды. Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Есеркенова Динара Кенжибековнаға берілді. Сонымен қатар жарысқа ән шашу алып келген 2 «А» сынып оқушылары «Көк байрағым» әнін орындады. 

           Салтанатты ашылу аяқталған соң, жарыс басталып, қазақ күресі мен асық ату ойыны , одан кейін гір тасын көтеру мен арқан тартыс ойыны ұйымдастырылды. Жарысқа дәрігердің рұқсатымен жіберілген оқушылар қатысты.  Жарыс нәтижесінде:

1. «Гір көтеру» - 9-10 сынып оқушылары  арасындағы спорт түрінен І орын алған 10 «А» сынып оқушысы Орынбек Нұрсұлтан. Орынбек Нұрсұлтан 16кг гір тасын 119 рет көтеріп, өзінің қарсыластарын басып озды. Орынбек Нұрсұлтан тек спорт жағынан емес, сонымен қатар бойында өлең арнап шығару дарындылығымен ерекшеленген оқушы. Биылғы оқу жылында аудандық «Мұқағали оқулары» байқаулардан ІІ орын , «Жырлайды жүрек» аудандық байқаудан ІІІ орын алып, мектебіміздің мәртебесін көтерген оқушы.  

2. «Арқан тартыс» 5-6 сынып оқушылары  арасындағы ойыннан І орынды 6 «Ә» сынып оқушылары алды.  6 «Ә» сынып оқушылары тек спорт жағынан емес, өнер жағынан да мектепішінде көзге түскен оқушылар. Биылғы мектепішілік «Жігіт сұлтаны-2024» байқауында І орын алған жүлдегерлер. 

3. «Қазақ күресі» 32 кг салмақ  дәрежесіндегі  жасөспірімдер арасында бірінші орынды дзюдо күресінен облыстық, аудандық жарыстардан жүлделі орын алып жүрген оқушы Серікқали Ақжол алды. 

38 кг салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер арасында бірінші орынды  7 «Ә» сынып оқушысы, аудандық дзюдо жарысының жүлдегері болған Өтеген Айқын алды.

4.  «Асық ату» - 3-4  сынып оқушылары арасында бірінші орынды мектепішілік «Асық ату» жарысының жүлдегерлері  4 «А» сынып оқушылары алды. 

Жеңіске жеткен оқушылар мектеп басшысының мадақтамасымен марапатталды. 



Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru