№ 7 ХАТТАМАСЫ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2020

№ 7 ХАТТАМАСЫ

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бойынша 2020-2021 оқу жылының жалпы ата-ана жиналысының

№ 7 ХАТТАМАСЫ

Қырбалтабай ауылы
11.09.2020жыл
Барлығы: 50
Қатысқандар: 46

1. Күн тәртібінде:
1. Қашықтықтан оқыту ерекшеліктері.
2. Қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналардың балаларын, білім беру платформаларында оқыту ерекшеліктері бойынша кеңес.
3. Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, оқушылардың сабаққа қатысуы.
4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
5. «Мектепке жол» акциясының жүргізілуі.[/left]

Біріншіт сұрақ бойынша мектеп директоры Д. Есеркенова тындалды. Ол өз сөзінде қашықтықтан оқыту ерекшеліктерін айтты және сөзін ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен бастады.
“Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді”, – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі әлем дамуының ерекше ұстанымдары білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістерге барынша бейімді болуды қажет етеді. Әлем қазіргі жағдайда «білім қоғамын», «білім экономикасын» құру жолында. Ұлт көшбасшысы кезекті сөйлеген сөзінде: – Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс, – деген болатын.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың басты формасы – қашықтан оқыту. Қоғамның қажеттілігіне сай оқыту формасы да өзгерді. Қажеттілік – ғылыми жаңалықтардың қырағы жол сілтеушісі. Ендеше, қажеттілікке сай жұмысты жүйеге қою-біздің міндетіміз.
Қаладан шалғай орналасқан елді мекен болса да, ауыл мектебінің мұғалімдері қашықтан оқытуда оқушыларды түрлі платформаларды пайдалана отырып, біліммен қамтамасыз етуде. Бұл оқытуда әріптестер мен оқушылардың, ата-аналардың ынтымақтастығы, оқушылардың дағдыларын кері байланыс беру арқылы дамыту ерекшелігінің артатыны байқалды. Әсіресе, оқушылар мен ата-аналарда кері байланыс үнемі үздіксіз дамып отырады. Бір ерекшелігі, сыныпта сабаққа көп араласа бермейтін оқушылардың белсенділігі байқалады. Ата-аналардың белсенділігі де watsapp желісі арқылы өрбіп отырды. Мектепке қатысты қандай да бір ұсыныстарын кері байланыс ретінде тест, сауалнамаға жауап алу ,оны электронды почта немесе watsapp желісіне салу арқылы өз ойларымен тығыз байланыса отырып, «үштік одақтық» жұмысымыздың жүйелі жүргізілгені көрініп отырды. Бір тиімділігі, уақытты дұрыс пайдалана білуге мүмкіндік туғызуында. Мектеп мұғалімдері оқушы, ата-ана, өз әріптестерімен түрлі шараларды өткізу үшін үйде отырып, онлайн негізінде әлеуметтік желілерге өздерінің жұмыстарын, сабақ өткізудегі тәжірибелік жұмыстарын жариялап отырды. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.
Екінші сұрақ бойынша мектеп директоры сөз сөйледі. Біздің мектеп мұғалімдері «Дарын онлайн» платформасымен жұмыс жасап жатыр. Мысалы: ағылшын тілі сабағында «Дарын онлайн» платформасымен жұмыс жүргізді. Жұмыс барысында платформаның өте қолайлы, тиімді екені көрініп тұр. Сабақтың тақырыптары күнтізбелік тақырып тақырыптық күнтізбелік жоспарға сай. Тақырыпты басқанда оқушыларға бейне таспа арқылы сабақ түсіндіреді, жүргізушінің дауыс ырғағы, интонациясы жоғарғы деңгейде, бейнетаспадан кейін жаңа тақырыпқа арналған оқушының жас ерекшелігіне сай тапсырмалар әзірленген, тапсырмадан кейін сабақты бекітуге арналған тест тапсырмаларынан өту қажет. Әр тапсырмадан кейін оқушының дұрыс жауабына Дарын немесе 1 балл береді. Бірақ қосымшада тек 7, 8, 10, 11сыныптарға ғана ағылшын тілінен сабақтар бар. Дарын платформасында кейбір пәндер енгізілмеген.
Үшінші сұрақ бойынша мектеп директоры оқушылардың сабаққа қатысуы туралы айтты. Ата- аналарға қашықтықтан оқу кезінде балаларына өздері жауапты екенін ескертті. Сондықтан ата-аналар балаларының сабақтарын қадағалауы, сабаққа уақытылы қатысуын, жалпы сабаққа дайындықтары ата-анының міндетінде. Балаларын бет пердесіз жүргізбеу, жеке гигиенаны сақтап жүруін қадағалауын ескертті.
Кәзіргі уақытта мектебімізде бірінші және мектеп алды даярлық топтары оқып жатыр. Әр сынып екі топқа бөлініп оқиды, мектебімізде 6 кезекші сынып оқып жатыр. Сыныпта сақтық шаралары қолданылып, оқытылып жатыр.
Төртінші сұрақ бойынша мектеп директоры сыбайлас жемқорлықты алдын алу туралы сөз айтты. Ата-аналар мектеп мұғалімдеріне ұстаздар күніне, жаңа жыл мерекесіне және халықаралық әйелдер күніне сыйлықтар беруіне тыйым салынатыны туралы ескертті. Сонымен бірге ата- аналардан мектеп жұмыстарына қаражат жыйнау, кеңсе тауарларын алуға тыйым салынатыны туралы хабарлады.
Бесінші сурақ бойынша мектеп директоры сөз сөйледі. ҚР Ғылым және білім министірлігінің хатын негізіне ала отырып «Мектепке жол» акциясы бойынша мектепшілік бұйрық шығарылды. Бұйрыққа сәйкес жоспар байланысты, аз қамтылған, көп балалы отбасыларына 27100 тг көлемінде көмек көрсетілді: 2 модем алып берілді- 6000тг, сим карталар 4 - 3500 тг, зарядтағыш 2- 2000тг, тариф 5- 13600 тг, телефон батарейасы 2000тг. Барлығы 7 оқушыға комек көрсетілді. Демеушілер тарапынан – 7 оқушыға 29000 тенге көлемінде кеңсе тауарлар алып берілді, 13000 тг көлемінде 5 оқушыға мектеп сөмкесі берілді. Барлығы – 68500тг болды. Мектеп директоры демеушілерге үлкен алғысын білдірді.
Шешімі:
1. Қашықтан оқытуды ерекшеліктері туралы ата – аналарға арналған жиналыста айтылған мәселелер барлық мектеп оқушыларының ата – анасына жеткізілсін, оны басшылыққа ала отырып жеткізу ата-аналар комитетінің төрайымы Н. Иманбаеваға жүктелсін.
2. Оқушының денсаулығын сақтау және тазалық гигиеналарын қадағалау әрбір ата – ананың жауапкершілігіне міндеттелсін.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата – аналарға арналған жиналыс ZOOM платформасы арқылы өтті.


Жиналыстың төрағасы: Д. Есеркенова


Хатшы: У. Кульбаев
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru