«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп»
04
март
2018

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2018 жылы 31 қантардағы № 3-15-3 және Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің 05.02. 2018 жыл
№ 193 хатына сәйкес 09.02.2018 жылы № 38 мектепішілік бұйрық шығарылды.
Бұйрық бойынша жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілді.
Ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық көмек көрсету мақсатымен
ақпараттық -тақырыптық бұрыш жасалынды. Балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалар таратылды.
ВК да және инстаграмм желісінде балаларға психологиялық көмек көрсету қызметтері туралы ақпарат орналастырылды. Қосымша бұқаралық ақпарат құралында осы мәтінде баспаға беріледі.
"Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелері" тақырыбында мақала БАҚ беріледі. Мақалада бала денсаулығына компьютердің зияны, бала психологиясына компьютерлік ойындардың кері әсері, компьютердегі әр түрлі сайттардың баланы теріс ағымға ойын бұру туралы айтылды. Жоғарыда аталған мақалада желі ойындарының баланы агрессивтілікке және тәуелділікке бейімдейтіні, жасөспірімдерді жаман қылықтарға итермелейтіні туралы мәлімет бар.
Мектеп оқушыларына жас ерекшеліктеріне байланысты, ата-аналар,мұғалімдерге " Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етіледі" деген жадынама , "Біз -Өмірді таңдаймыз!" тақырыбында ақпараттық парақша, "Балаларды бірге сақтайық!" жадынама , "Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?" ақпараттық парақшалары жасалынып, таратылды.



"Өмір тамаша ! Босқа қауіпке жол берме " тақырыбында 5 сынып оқушыларымен дөнгелек үстел өткізілді.
Дөнгелек үстел "Ауызша волейбол" жаттығуынан басталды. Мақсаты: оқушылардың бір-бірін жақсы тануы, бір-бірін мақтау, жылы қарым-қатынас орнату. Оқушылар жанындағы көршісінің бойындағы жақсы қасиеттерін атап шықты. Оқушыларға өмір және интернет зияны тақырыбында сұрақтар қойылып, олардың ойлары тыңдалды. Қосымша мәлімет берілді.
"Қауіпсіз интернет" тақырыбында 6-7 сыныптарында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Оқушылардың интернеттің адамға зияны туралы дұрыс көзқарастары байқалды.
2-5,8-11 сынып арасында "Ғаламтордың балаларға пайдасы мен зияны" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.Тақырыбы "Интернеттің зияны мен пайдасы". Сынып сағатында оқушылар арасында пікірталас өткізілді, бейнетаспа көрсетілді. Интернетте қандай сайттар адамдарға зиянды, адамның психологиясына әсер ететіндігі туралы айтылды.




Жоспар бойынша 2-3 сынып арасында "Өмір тамаша!" тақырыбында суреттер байқауы өтті.
Байқау кезінде оқушылардың салған суреттерінің мәніне қарап, эстетиқалық жағынан да ескере отыра орындар берілді. Балалардың белсенділігі жоғары болды. Бұрышқа ең үздік суреттер ілінді.
"Өмір туралы менің түсігінім" тақырыбында 7-8 сынып арасында шығарма байқауы өткізілді. Қатысқаны 85 оқушы. Онің ішінде ең жақсы жазылғандар : Амантай Аяулым 6 "А" сынып оқушысы, Ермек Даулетбек 6 "Ә" сынып оқушысы, Орынбек Асхат 7 "А"сынып оқушысы, Тұрсынғазы Гина 8 "А" сынып оқушысы. Айлықтың соңында аталған оқушылар мақтау қағазымен марапатталады.

Оқушылар арасында Интернетте қолайлы тәртіп модельдері туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылардың түсініктері тыңдалды.
"Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз" тақырыбында мұғалімдер арасында мектептің әлеуметтік педагогі психологиялық семинар өткізді. Тренинг барысында түрлі жаттығулар жүргізді. Мұғалімдерге " Интернет қауіпсіздігі" туралы бейнетаспа көрсетілді. Балаларды интернеттен, әлеуметтік желіден сақтау туралы кеңестер берілді.
Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сауалнама 4-11 сынып оқушыларынан алынып, " Мен және құқық" тақырыбында дөнгелек үстел жүргізілді. Балалардың құқық туралы қөзқарастары қалыптасқан, дөңгелек үстелде өз ойларын ашық, еркін жеткізе алды. Әртүрлі жағдаяттар беріліп, балалардың ойлары тыңдалды.
Ата-аналарымен "Балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері" тақырыбында жиналыс өткізу жоспарлануда.
Мектеп психологі Б.Кистауова балалармен, жасөспірімдер, ата-аналармен үнемі кеңес жүргізіп отырады. Оқушылармен әртүрлі тақырыпта жаттығу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мысалы: "Жемістер" , "Аптека", "Өзіңді-өзің мақта", "Лимон" , "Поровоз" жаттығулары жүргізілді.

Оқушылармен әрдайым психологиялық тренингтер ұйымдастырылып тұрады. Осы науқанға байланысты 10 сынып оқушыларымен "Мен өмірді таңдаймын" тақырыбында тренинг сабақ жүргізілді. Оқушылардың ойын еркін айту, еркін сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында сұрақтар қойылып, бейнеролик көрсетіліп, балалар өз ойларын жеткізді. 11 "ә" сынып оқушыларымен өмірден тек пайдалыны алу кеңесін беру мақсатында "Жемістер" жаттығуы жүргізілді.
Мектебімізде шұғыл көмекке және қорғалуға мұқтаж балаларды анықтауға бағытталған сауалнама алынды. Сауалнаманың басты мақсаты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау болатын. Ондай фактілер анықталмады.

Телефондар мен компьютерлерде ата-ана бақылауы бағдарламаларын қолдану мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беруге арналған "қызу желілер" ұйымдастыру жоспарлануда. Балалар мен ата-аналарға кеңес беру үшін "қызу желі" ұйымдастыру жоспарлануда.
8 наурыз қарсанында 1-4 сынып арасында "Ана -өмір шуағы" атты мерекелік кеш ұйымдастырылады.
"Өмірге ИӘ деп айт!" республикалық ақпараттық науқанын өткізу туралы пікірлерді БАҚ, сайттарында орналастыру жоспарлануда.

Похожие публикации:

09 февраль 2018 Отбасы күні
09 февраль 2018 Денсаулық күні
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru