Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2018

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»республикалық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша жүргізілген іс-шаралар мәліметі.
Аталған іс-шара тұжырымдамасына байланысты мектепте 20.11.2017.күні №254 бұйрық негізінде жоспар құрылды.
21.11.2017. педагог-психолог Б.Кистауоваман бірге әлеуметтік педагог Г. Амирханова ата-аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стенд рәсімделді

22.11.2017. күні ата-аналармен 5-7 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты жадынамалар жасалып таратылды.
23.11.2017. «Бақытты отбасы»тақырыбында көркем еңбек пәнінің мұғалімі фотоконкурс ұйымдастырды .Осы күні педагог-психолог Б.Кистауова 7 сынып оқушыларымен «Бақытты отбасы» атты психологиялық жаттығу жүргізді.
24.11.2017. кітапханашы Г.Абдықалықовамен тарих пәні мұғалімі Г.Амиркулова балаларға қатысты зорлық -зомбылық және қатігездіктің алдын алу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық көрмесін ұйымдастырды.

24.11.7а сынып жетекшісі М.Аккамиева мұғалімдерге «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты семинар жүргізді.
Осы күні сағат 22.00.ден бастап әлеуметтік педагог Г.Амирханова «Жасөспірім» түнгі рейдін жүргізді. Рейд барысында көшелерде бей-берекет жүрген оқушы байқалмады.Рейд барлық көшелерде жургізілді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Қоқымбаев пен Ж.Досанова «Әлемді зорлық зомбылықсыз құру жолдары»
атты үздік эссе сайысын өткізді.
27.11. күні тарих пәнінің мұғалімі Д.Шоманова «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

28.11 күні ұлдардың ЮПТ инспекторы Б.Тасановпен кездесуі өтті. Инспектор «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары » тақырыбында әңгіме жүргізді.
29.11 күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты 8 а сынып оқушылары ашық тәрбие сағатын өткізді.Сынып жетекшісі: Ж.Досанова.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау

Қорытындылай келе, мектеп оқушылары зорлық-зомбылық туралы мағлұмат алды.Осы өткізілген іс-шаралардан кейін жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстау керектігін жете түсінді, ой түйді.
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
[center][thumb]http://altynsarin-kerbaltabai.mektebi.kz/uploads/posts/2018-

{frage}


Похожие публикации:

12 февраль 2018 Қыздар кеңесі
12 февраль 2018 1-желтоқсан
12 февраль 2018 Музейге саяхат
09 февраль 2018 Тіл мерекесі
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru