Ұлдар кеңесі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2018

Ұлдар кеңесі

Аудандық білім бөлімінің 11.09.2017 жылғы № 75-15-75/1794 хатына сәйкес «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.09.2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептің мәжіліс залында «Становление Алматинской области» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильм 5-11 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздарына көрсетілді. 263-оқушы және 27-мұғалім қатысты.
Ол фильмнен оқушылар өздеріне тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай Алматы облысының дамуы, ондағы болған өзгерістер туралы тың мәліметтер алды. Қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлеріміздің облысымыздың өзгеріп дамуына қосқан үлестері туралы көрсетілді.



2017 жылғы 19 қыркүйек күні мектеп бойынша 5-11 сыныптар арасында ұлдар кеңесі өткізілді. 2017-2018 оқу жылының «Жас қыран» ұлдар ұйымының іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Ұйым жетекшісімен және оның көмекшілерімен таныстырылды.Мектептегі ұлдар кеңесі төмендегі құраммен бекітілді.
1.Кеңес төрағасы- Кульбаев У.Т.
2.Кеңес төрағасының орынбасары- Мақашұлы М
3.Хатшы- Амиркулова Г.К.
Кеңес мүшелері: 1 Разғатұлы С. 11 «А» сынып
2 Ерланов Ж. 11 «Ә» сынып
3 Жапар Б. 10 «А» сынып
4 Мухамедқали Е. 10«Ә» сынып
5Тайп А.9 «А»сынып
Мақсаты: мектеп жасындағы оқушылардың сабақтан қалмауына,мектептег іұлдар тәртібіне,киім киісіне,сабақ үлгеріміне ден қоя отырып, олардың бойында елжандылық, имандылық,кішіпейілділік,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Жаман әдеттерден аулақ болуын қадағалау.
Кеңес төрағасы-Кульбаев У.Т. ұлдардың мектеп формасын сабаққа үнемі киіп келуін, сабақтан себепсіз қалмауын,шаш үлгісін талапқа сай жасауын, кіші сыныптың оқушыларына үлгі көрсету туралы айтып өтті. Түнгі мезгілде қыздардың көшеде жүрулерін тоқтату керектігі,ата-анасының рұқсатынсыз басқа жақтарға кетіп қалмауын,өз беттерінше жиын-кеш жасауларын болдырмау және үлкен ұлдар шылым шегуден бас тартуларын айтып өтті.
Кеңес төрағасының орынбасары- Мақашұлы М. өз сөзінде ұлдардың жеке бас гигиенасын сақтауды,тырнақ өсірмеуді,мектепке бет әлпеттерін дұрыстап келмеулерін,дәретханаға барғанда тазалықты сақтауды айтты.Сонымен қатар үлкен сыныпта оқитын ұлдар кіші сынып ұлдарына күш көрсетпеулерін,керісінше көмек көрсетіп,адамгершілік қасиеттерді ұмытпауларын айтып өтті. Мектеп психологі- Кистауова Б.А. ұлдармен сұхбаттасып,олардан сауалнама алды.Әр отбасында болатын түрлі жағдайларға түсініушілікпен қарауды ұсынды.Ұлдарымыз болашақ әке болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау,суық тигізбеу,бойларына қазақ жігіттеріне тән тек жақсы қасиеттерді сіңіруді айтып өтті.Жігіт келбеті қандай болу керек? деген сауалға ұлдар өз пікірлерін ортаға салды. Ерте жастағы жыныстық қатынасқа бармау туралы,сол арқылы жұғатын
жұқпалы аурулардың алдын алуды ескертті. Уақытылы дәрігерге қаралып тұруды ұсынды. Мектеп психологі- Кистауова Б.А. ұлдардан «Жігіт бейнесі» тақырыбында сауалнама алды.
Қорыта келе ұлдар кеңесі қанағаттанарлық деп аяқталды.

Похожие публикации:

12 февраль 2018 Қыздар кеңесі
09 февраль 2018 Денсаулық күні
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru