Наурыз мейрамы! » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2018

Наурыз мейрамы!

"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
"Ұлыстың ұлы күні -Наурыз"атты мерекелік іс-шараның мәліметі.
2017-2018 оқу жылы

Мектебімізде 20 наурыз күні сағат 13:00 мәжіліс залында "Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мұсылман халықтарының көптен тойлатып келе жатқан 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арнап мектеп оқушылары және ұстаздар концерттік бағдарлама көрсетті. Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзімен мектеп директоры Сендалиев Т.Т. ашып берді.
Қыдыр ата болып киінген 4"Ә" сынып оқушысы Еркебұланұлы Бекарыс барша көрермендерге қол жайып бата берді. Ән шашумен 4"А" сынып оқушысы Дәулет А. "Наурыз көктем" әнін тарту етті. 10 "А" сынып оқушысы Қойлыбай А."Наурыз" әнін тамаша шырқады. Мектеп оқушылары: "Сирен гүлдер", "Қош келдің Наурызым", "Қазақтай ел қайда", "Шілдехана бесік той", "Қазақы дастарқаны", "Қазақ осы", "Мен қазақ", " Туған ел" , "Қазақ жастары" сынды әндерді орындады. 6, 8, 10,3,5 сыныптар өздерінің дайындап келген тамаша билерін биледі. Қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі "Көрісу" салтын 7"Ә" сынып оқушылары сынып жетекшісі Жолдасова Т.апаймен бірге көрсетті,артынан Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" әнін хормен орындап шықты. 8"Ә" сынып оқушылары " Тұсау кесер" салтын көрсетті.Жас баланың тұсауын кесу рәсімін мектеп директорына берді. 8"А" сынып оқушылары "Бесікке салу" салтын көрсетті. 1 сынып оқушылары наурыз мерекесіне арнап әдеби монтаждарын жақсы оқып берді. Сонымен қатар Бейнетаспадан наурыз мейрамына байланысты видеолар мен слайдтар көрсетілді. Наурыз көженің дәмі туралы,қалай жасалу жолдарын,жаңа жылды қалай қарсы алу керектігі т.б. көрсетілді.Кеш соңында өнер көрсеткен оқушылар "Наурыз" әнін хормен айтты. Мерекелік іс-шара көрермендердің көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Аталған мерекелік іс-шара видео мен суреттерге түсірілді.

Наурыз мейрамы!
Наурыз мейрамы!

Похожие публикации:

13 март 2018 Қазақ аруы
09 февраль 2018 Денсаулық күні
16 октябрь 2017 Ұстаздар күні 2017
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru