"Ана- өмірдің шуағы" » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2018

"Ана- өмірдің шуағы"

"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған " Ана- өмір шуағы"атты мерекелік іс-шараның өткізілгені туралы мәлімет
2017-2018 оқу жылы
Мектеп бойынша 7-наурыз ,сағат 12:00 мәжіліс залында "Ана-өмір шуағы" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кешті мектебіміздің ұл балалары өткізді. Ең алдымен құттықтау сөзді мектеп директоры Сендалиев Т.Т.сөйледі. Ару қыздарымызды, аналарымызды, әпке-қарындастарымызды ,ақ жаулықты әжелер мен апаларымызды көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтады. Бастауыш сынып ұл балалары барлық ұстаз аналарға өз қолдарымен жасаған гүл шоқтарын табыс етті. Әр сынып өз сыныптас қыздарына ашық хат сыйлап, тамаша тілектерін айтты.Жүргізуші жігіттер концерттік бағдарламаны жақсы тілек айтудан бастады. 8"а" -сынып оқушысы Оралбек Амантай "Ана сен бақыттысың" әнін тарту етті. Қолына қара домбырасымен 8"ә" -сынып оқушысы Әкімжан Сырым "Ару ана" әнін тамаша орындап берді.Сахнада "Ана туралы жыр","16 қыз" ," Анашым-анажаным", " Асыл әжем", "Шеше" т.б.әндер шырқалып, көңіл ашар көріністер ,қойылымдар көрсетілді. Ұлдар тамаша би өнерлерін көрсетті. Әдеби монтаждар айтылды. Ана туралы керемет нақыл сөздер мен тілек сөздер айтылды. 5 сынып ұлдары "Көктем сән үлгісін " керемет көрсетті. 10 сынып оқушылары журналист роліне еніп, ұстаз аналарға бірнеше қызықты сұрақтар қойды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Көрермендер көңілді күймен тарқасты.

 "Ана- өмірдің шуағы"

 "Ана- өмірдің шуағы"

Похожие публикации:

09 февраль 2018 Денсаулық күні
16 октябрь 2017 Ұстаздар күні 2017
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru