Қазақ аруы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2018

Қазақ аруы

"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
"Қазақ аруы"атты мектеп ішілік іс-шараның мәліметі.
2017-2018 оқу жылы

27.02.2018 жылы мектебімізде рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Қазақ аруы" өтті.Бұл іс-шараға 1-10 сынып аралығындағы қыз балалар қатысты.Әр сыныптан мықты деген қыз балалар сайысқа түсті. Бастауыш сыныптар бойынша "Қазақ аруының" бағдарламасы 6 кезеңнен тұрды.
1-кезең. Оқу жылдамдықтарын тексеру.
2-кезең."Ою- өрнек" жасау,құрастыру.
3-кезең."Секіргішпен секру"
4-кезең.Көркем сөз оқу
5-кезең. Ұлттық би
6-кезең.Мақал-мәтел айту, деген кезеңдерден тұрды.Алдын -ала әділқазылар алқасы тағайындалып, бағдарламаның өту барысымен таныстырылды. Ауылымыздың мәдениет үйінің директоры-Стамбекова Айнаш және көркемдік жетекшісі - Қоқымбаев Ұлан Оразбайұлы,мектеп психологі -Кистауова Біржан Алшымбайқызы, ДТЖО -Итемирова Лейла Маратовна болды.
Жоғары сыныптар бойынша тура осындай 6 кезең болды. 1,2,3 кезең бойынша оқу жылдамдықтары,дойбы ойнау, шаш өру, нан жаю шеберліктерін көрсетті.1,2,3 кезеңдер алдын ала екі күн бұрын өткізілді. Сонымен қатар жинаған ұпай сандары есептеліп, көрермендерге үлкен экраннан көрсетілді. 4,5,6 кезеңдер сахна төрінде өтті. Ару қыздар сахнаға қазақтың ұлттық киімімен және қолдарына домбыра, торсық, асатаяқ, киіз үй, тұяқ, тостаған т.б. ұлттық нақыштағы қазақи заттармен шықты. Көркем сөзді мәнерлеп күйдің сүйемелдеуімен тамаша орындап шықты. Әр ұлттың ұлттық билерін әр сыныптан алты оқушыдан шығып билеп берді. Соңғы кезеңде Ұлттық салт-дәстүр мен мақал-мәтелден сұрақтар таратылды.Ару қыздар салт-дәстүр мен мақал-мәтелден берілген тапсырманы жақсы орындап шықты.Мәжіліс залында қонақтар өте көп болды.
Қол шапалақтап демеушілік көрсетіп отырды.Ару қыздарымыздың осы сайысқа жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұрды.
Бастауыш сыныптар бойынша бас жүлдені жеңіп алған-2б сынып оқушысы Талғатова Ерке болды,1 орынды 3а сынып оқушысы Алжанбаева Аяна,2 орынды 4а сынып оқушысы Төлеген Аянат,3орынды 3ә сынып оқушысы Сабитова Айзере жеңіп алды.
Жоғары сыныптар бойынша: Бас жүлдені 10 а сынып оқушысы-Қойлыбай Аружан,1 орынды 8ә сынып оқушысы Жаппар Қарақат,2 орынды 8а сынып оқушысы Әлімнұр Лиза,3орынды 6ә сынып оқушысы Қойлюбай Тоғжан жеңіп алды.Ару қыздарымызға мектеп атынан мадақтау қағаздары мен сыйлықтар тарту етілді. Әр кезең сайын басқа оқушылар сахнаға шығып әндер айтты. Қорытындысында мәдениет үйінің директоры Стамбекова А.Т. сөз сөйлеп, қыздарға алғыс айтты.
Қазақ аруы
Қазақ аруы
Қазақ аруы
Қазақ аруы
Қазақ аруы
 

Бұл іс-шара педагог-ұйымдастырушы Амиркулова Ж.К. жетекшілігімен өтті.

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru