Мұқағали Мақатаев кеші » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2018

Мұқағали Мақатаев кеші

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
М.Мақатаевқа арналған "Сұлулық әлемді құтқарады" атты мерекелік кештің мәліметі.
2018-2019 оқу жылы
Мектебімізде М. Мақатаевтың туылған күніне орай "Сұлулық әлемді құтқарады" атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты:Ақиық ақын, ғасыр ақыны М.Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең түсіндіру.Ақын шығармалары арқылы елін,туған жерін,Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке,тіл,сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге тәрбиелеу.Сұлулық әлеміне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс-шара табиғаттың сұлулығын ,еліміздің әр өңіріндегі сұлулылықты суреттеуден басталды. Әр сынып осы іс-шараға өз өнерлерін көрсеті, ат салысты. Аиап айтсақ мектебіміздің 10а сынып оқушысы Есеркенова Сабина М.Мақатаевтың "Қарасазым" өлеңін оқыды.
Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің!
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы қазақ болып туғаным
О,Туған жер,тамашасың,көркемсің!-деп 6а сынып оқушылары "Сұлу қыз"әніне билеп щықты. Сұлулықтың түрлерін сипаттай отырып,сұлулықтың түрлерін айта отырып 8а сынып оқушысы Мыйзамбай Рамазан "Саржайлау " әнін орындады. 6ә сынып оқушылары вальс биін тамаша билеп шықты.10а сынып оқушысы Айтбеков Әліби М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын мәнерлеп жатқа айтып берді.5,6,7,8 сыныптар өз шығармашылықтарынан М.Мақатаевқа арнап өлеңдер, арнаулар оқып берді. Мұқағалидың "Есіңе мені алғайсың"әнін видеодан көрсетіліп залда отырған көрермендер бірге қосылып айтты. Мұқағалидың өлеңдерінен әр сыныптар әдеби монтаж оқып берді.
4 сынып қыздары тамаша "Павлин" биледі. "Ұнатамын мен сені" әнін 8а сынып оқушысы Жапар Қарақат орындады. Сұлулықты ескере отырып 5а сынып оқушылары "Көбелектер" биін әсем әуенмен билеп шықты.М.Мақатаев туралы видеоролик экраннан көрсетілді. Мұқағалидың өмірбаяны мен оның ұлы Жұлдыз Мақатаевтың әкесі туралы айтқан әңгімесі көрсетілді.Анасы туралы айтылған кезде "Ана сен бақыттысың" әнін 8ә сынып оқушысы Оралбек Амантай керемет орындап берді. Мұқағалидың "Махаббатты армандаймын" әнін 9 сыныптар айтып өтті."Сәби болғым келеді" өлеңін 8а сынып оқушысы Бағдаулет Ұлар тамаша орындады. 10 сынып оқушылары нәзік би көрсетті. М.Мақатаевқа арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.



Похожие публикации:

12 февраль 2018 1-желтоқсан
09 февраль 2018 Отбасы күні
09 февраль 2018 Денсаулық күні
16 октябрь 2017 Ұстаздар күні 2017
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru