Мектепішілік ата-аналармен жүргізілген жұмысқа мәлімет » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Мектепішілік ата-аналармен жүргізілген жұмысқа мәлімет
20
март
2024

Мектепішілік ата-аналармен жүргізілген жұмысқа мәлімет

ata-analardy-oldau-3-tosan-mlmet.docx [3,13 Mb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: ata-analardy-oldau-3-tosan-mlmet.docx

«Ы.АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ бойынша

мектепішілік ата-аналармен жүргізілген жұмысқа мәлімет

3 тоқсан

2023-2024 оқу жылы

Мектебіміз позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталып жұмыс істеу үстінде.

Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, сұраныстарын, мінез-құлқын, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Позитивті ата-ана – бұл мейірімді қарым-қатынасқа, қолдауға, баланың жеке басының күшті жақтарына, балалар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын назарда ұстайтын тұлға екенін алға тарта отырып, 10-11 сынып ата-аналарымен  15.02.2024ж "Жақсыдан қашпа, жаманға баспа... Әлеуметтік желілер және ғаламтор кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіздігі" тақырыбында сабақ жүргізілді. Ұйымдастырушылар: 11"А" сынып жетекшісі Г.Амиркулова, мектеп психологы Б.Кистауова.

23.02.2024ж 2-сынып ата-аналарымен «Ата-аналарды қолдау орталығы» бойынша «Баланы жастан... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?»   тақырыбында сабақ өткізілді.

8 сынып ата-аналарымен «Информациятан ақ-қараны ажырату өнері. Жасөспірімнің желідегі әрекеті» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ тренинг түрінде өтті. «Жүректен -жүрекке» психологиялық ахуал орнатылды. «Сіз телефонды қалай ұстайсыз?» ата-аналармен тренинг мектеп психологы өткізді. «Жасөспірімнің желідегі әрекеті» ата-аналарға интернет желісі туралы түсініктеме берілді., жасөспірімдердің желідегі әрекеті туралы мәлімет берілді, буллинг, кибербуллинг туралы әңгіме жүргізілді. «Қызықты сұрақтар» сергіту сәті өткізілді. «Сіз қандай ата-анасыз?» тест алынды. Мектеп психологы Б.Кистауова ата-аналармен тренинг өткізді. Ата-аналар тарапынан кері байланыс берілді. 

«ДосболLIKE. Достық қолын ұсын» акциясы аясында ата-аналармен тимбилдинг өткізілді. 3-4 сынып ата-аналары оқушыларымен 4 топқа бөлініп жарысты. 

«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында ата-аналармен «Бес тас» ойыны ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар ата-аналармен «Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма, әлде мектеп пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

1-Наурыз Алғыс айту күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарына ата-аналар келіп қатысты.