"ББЖМ өткізу тәртібі, ережесімен танысу" тақырыбында ата-аналар
Оқу ісінің орынбасары Ш.Абдукалыкова 4,9 сынып оқушыларының ата-аналарына "ББЖМ өткізу тәртібі, ережесімен танысу" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста ББЖМ ережесін таныстырды, ата-аналарға жұптық жұмыс арқылы 4 сыныптарға арналған "оқу сауаттылығы" пәні бойынша "Бірлік" және "Мейірім" мәтіндері беріліп, мәтін бойынша тапсырма орындалды. Оқушылардың оқу жылдамдығын жақсарту мақсатында "Спиральді оқыту" әдісі арқылы ата-аналар "Менің Отаным - Қазақстан" атты мәтінді минутқа оқыды.