Ата-аналармен жұмыстың жылдық талдауы 2023-2024 о.ж.
Посмотреть онлайн файл: ata-anamen-zhmys-zhyldy-taldau-2023-2024.docx
31.08.2023ж мектепішілік ата-аналар комитетімен жұмыс жоспары, құрылып, ата-аналар комитетінің тізімі жасалды. 31.08.2023ж ата- аналар комитетімен №1 жиналыс өткізілді. Ата-аналар комитетімен жүргізілген жиналыста 4 сұрақ қаралды. Барлығы 30 адам қатысты. Бірінші сұрақ бойынша мектеп басшысы Есеркенова Динара Кенжибековна «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» туралы түсіндірме, ескертпе жұмысын жүргізді. Екінші сұрақ бойынша мектеп басшысы Есеркенова Динара Кенжибековна «Мектеп ережесі мен ішкі тәртіптері» туралы айта кетті. Мектеп ережесі мен тәртібімен ата-аналарды таныстырып, мектеп формасы туралы сөйледі. Мектеп формасы бар болуы, шашатарын жинақы болуын талап етті. Үшінші сұрақ бойынша да мектеп басшысы Есеркенова Динара Кенжибековна «Жолда жүру қауіпсіздігі» туралы тыңдалды.Школьникам ТЖ болған уақытта мұқият болып, мектептен ата-аналар өздері балаларын алып кетуді міндеттеуге тапсырма берді. Төртінші сұрақ бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы Мошанова Арайлым 2023-2024 оқу жылына мектепішілік ата-аналар комитетін сайлауды ұсынып, барлықтарының дауысымен биылғы оқу жылына қайта тағайындалды. 2023-2024 оқужылында мектепішілік ата-аналар комитеті төрағасы болып Мошанова Арайлым, хатшысы Бекбосынова Баян болып тағайындалды.
12.09.2023ж ата-анала комитетімен №2 жиналыс өткізілді. Жиналыс 3 сұрақтан тұрды. Жиналысқа 30 адам қатысты. Бірінші сұрақ бойынша МБТІЖО А.Ажмолдаева «Ата-ана мен мектептің өзара қатынасы» тақырыбында тренинг өткізді. Ата-аналарды ортаға шақырып, бір-бірімен танысу жаттығуын жасатты. Родителям «Ата-ана мен мектептің өзара қатынасы» тақырыбында ауызша жағдаяттық сұрақ берілді. Ата-аналар белсенді жауап беруге тырысты. Екінші сұрақ бойынша МБТІЖО А.Ажмолдаева 2023-2024 оқу жылының ӘНХ таныстыру баяндамасын оқыды. Родителям биыл мектеп іс-шараларына белсендірек қатысуын өтінді. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру мақсатында «Ата-аналар академиясы» жобасы аясында «Аналар» мектебі ұйымдастырылғанын айтты. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде балалар бойына ұлттық, ар-ұят, талап құндылықтарын сіңіру қажеттілігі айтылды. Үшінші сұрақ бойынша мектеп психологы Кистауова Б.А. – «Буллинг, кибербуллинг дегеніміз не?» туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Жиналыстың мықты жағы ата-аналар комитетімен жиналыста мектеп психологының буллинг, кибербуллинг туралы баяндамасына ата-аналардың белсене сұрақ қойып тыңдаулары болды.
13.11.2023ж бастап "Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасы, "Тоғыз айға-тоғыз іс-шара", "Ұлттық мектеп лигасы" жобалары аясында "Асық ату" челленджі жүргізілді. Мақсаты: қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, батылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу, ептілікті, қырағылықты және дәлдікті дамыту. «Тоғыз айға-тоғыз іс-шара» жобасы бойынша бейнешақыру түсіруде ата-аналар да қатысып, мектеп басшысынығ «Дәстүрге берік отбасы» мадақтамасымен марапатталды. Барлығы 8 ата-ана, соның ішінде 2 ата-ана комитеті қатысты.
Қараша айында ата-аналарды қолдау орталығының сабақтары өткізілді, ата-аналар белсенділік танытты.
Отбасы бала тәрбиесінің басты факторы ретінде өскелең ұрпаққа толыққанды өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс. Әр бала бақыт, махаббат пен түсіністік атмосферасында өсуі керек. Мектебіміз позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталып жұмыс істеу үстінде.
Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, сұраныстарын, мінез-құлқын, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Позитивті ата-ана – бұл мейірімді қарым-қатынасқа, қолдауға, баланың жеке басының күшті жақтарына, балалар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын назарда ұстайтын тұлға екенін алға тарта отырып, 10-11 сынып ата-аналарымен, ата-ана комитеттері Шарип Ж., Мошанова А, Ускенбаева А. бірге 28.11.2023ж "Сен жанбасаң лапылдап..." тақырыбында сабақ жүргізілді. Ұйымдастырушылар: 10"А" сынып жетекшісі Н.Алмабекова, мектеп психологы Б.Кистауова, МБТІЖО А.Ажмолдаева.
29.11.2023ж «Ата-аналарды қолдау орталығы» аясында 5-сынып ата-аналарымен "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер.Бала жүрегіне жол табу." тақырыбында сабақ өткізілді. Сабаққа 5-сынып ата-аналар комитеттері Бекбосынова б, Усенова Э, Тұрғынбай Г. басқа ата-аналармен бірге қатысты. Ұйымдастырушылар: С.Абитова, Б.Кистауова, Г.Капалбаева, А.Қожатаева, А.Ажмолдаева.
30.11. 2023ж «Ата-аналарды қолдау орталығы» аясында "Бала жүрегіне жол табу" тақырыбында 6- сынып ата-аналарымен және ата-аналар комитеттері Мурунбаева А, Смаилова А, Тюлемисова А. жұмыс жүргізілді. Ұйымдастырушылар: Ж.Досанова, А.Оңалбекова, А.Сатқынбаева, А.Ажмолдаева.
30.11.2023ж «Ата-аналарды қолдау орталығы» аясында 1- сынып ата-аналарымен "Білімдіге дүние жарық" тақырыбында сабақ жүргізілді. Сабаққа ата-аналар комитеттері Айдынова Н, Иманбаева Н да қатысты. Ұйымдастырушылар: А.Адай, Б.Кистауова, А.Ажмолдаева.
05.12.2023ж мектебімізде "Парасат"аналар мектебінің отырысы өткізілді. "Ата-аналарды қолдау орталығы" аясында "Даналық мектебінің" бір бөлігі "Парасат" аналар мектебінің жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қатысуы туралы тыңдалды. Жиналысқа ата-аналар комитеттері: Бекбосынова Б, Иманбаева Н, Кожахметова К, Құттыбаева С, Мошанова А, Нурқалық А, Сайлюбаева А, Саякова Л, Ускенбаева А. қатысты. «Парасат» аналар мектебінің отырысында аналардың белсенділік танытулары жиналыстың мықты жағы деп айта аламыз.
Ұйымдастырушы: МБТІЖО А.Ажмолдаева, ПҰ А.Байшигашева
Мектебіміз позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталып жұмыс істеу үстінде.
Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, сұраныстарын, мінез-құлқын, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Позитивті ата-ана – бұл мейірімді қарым-қатынасқа, қолдауға, баланың жеке басының күшті жақтарына, балалар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын назарда ұстайтын тұлға екенін алға тарта отырып, 10-11 сынып ата-аналарымен 15.02.2024ж "Жақсыдан қашпа, жаманға баспа... Әлеуметтік желілер және ғаламтор кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіздігі" тақырыбында сабақ жүргізілді. Ұйымдастырушылар: 11"А" сынып жетекшісі Г.Амиркулова, мектеп психологы Б.Кистауова.
23.02.2024ж 2-сынып ата-аналарымен «Ата-аналарды қолдау орталығы» бойынша «Баланы жастан... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбында сабақ өткізілді.
8 сынып ата-аналарымен «Информациятан ақ-қараны ажырату өнері. Жасөспірімнің желідегі әрекеті» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ тренинг түрінде өтті. «Жүректен -жүрекке» психологиялық ахуал орнатылды. «Сіз телефонды қалай ұстайсыз?» ата-аналармен тренинг мектеп психологы өткізді. «Жасөспірімнің желідегі әрекеті» ата-аналарға интернет желісі туралы түсініктеме берілді., жасөспірімдердің желідегі әрекеті туралы мәлімет берілді, буллинг, кибербуллинг туралы әңгіме жүргізілді. «Қызықты сұрақтар» сергіту сәті өткізілді. «Сіз қандай ата-анасыз?» тест алынды. Мектеп психологы Б.Кистауова ата-аналармен тренинг өткізді. Ата-аналар тарапынан кері байланыс берілді.
«ДосболLIKE. Достық қолын ұсын» акциясы аясында ата-аналармен тимбилдинг өткізілді. 3-4 сынып ата-аналары оқушыларымен 4 топқа бөлініп жарысты.
«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында ата-аналармен «Бес тас» ойыны ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ата-аналармен «Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма, әлде мектеп пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
1-Наурыз Алғыс айту күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарына ата-аналар келіп қатысты.
Сәуір-мамыр айларында мектепішілік ата-аналармен жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналар комитетімен, кейбір ата-аналармен жеке жұмыстар жүргізілді: әңгіме, кеңестер, бала туралы ата-аналарды үнемі сынып жетекшілер хабардар етіп тұрды. Мереке күндеріндегі және жаз айындағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар сынып жетекшілер тарапынан беріліп отырды. Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар ретінде мектеп басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты сынып жетекшілерге ата-аналар тарыпынан, ата-аналар комитеті тарапынан сыйлықтар жасалмауын ескертті. Мектептің ағымдық жұмыстарына ақша жиналмауын сұрады. Жалпы 102 ата-ана, 24 ата-ана комитеті қатысты.
Ата-аналар комитетімен, ата-аналармен ұжымдық жұмыс бағытын жүргізу мақсатында 3 сынып жетекшілері Б.Сариева, А.Боранбаева дөңгелек үстел өткізді. «Ата-аналарды қолдау орталығы» сабақтары бойынша ата-аналарды шақыртып, «Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны» балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Ата-аналар өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, психологиялық тренингке де қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Жалпы 10 ата-ана, 2 ата-ана комитеті қатысты.
Ата-аналар комитетімен және ата-аналармен бірлескен «1 мамыр-Ынтымақ күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ата-аналар оқушылардың сынып сағатына дайындаған өнерлерін, жалпы сынып сағатына қатысуды келіп көріп тамашалады. Жалпы 5 ата-ана,1 ата-ана комитеті қатысты.
Мамыр айында 9 сынып жетекшілері А.Мурунбаева, Б.Есибаева «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары. Жасөспірім мінезінің ерекшеліктері» тақырыбында сабақ өткізді. Барлығы 10 ата-ана қатысты.
Мамыр айында 10-11 сынып жетекшілері Н.Алмабекова, Г.Амиркулова, М.Шаяхмет «Күзелістен шы,ар жол. Күйзелісті жеңіге көмектесеміз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Барлығы 4 ата-ана қатысты.