«Ата-аналарды қолдау орталығы» мектепішілік ата-аналармен жүргізілген жұмысқа талдау
Посмотреть онлайн файл: 2-tosan.docx
«Ы.АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ бойынша
«Ата-аналарды қолдау орталығы» мектепішілік ата-аналармен жүргізілген жұмысқа талдау
2 тоқсан
2023-2024 оқу жылы
Қараша айында ата-аналарды қолдау орталығының сабақтары өткізілді, ата-аналар белсенділік танытты.
Отбасы бала тәрбиесінің басты факторы ретінде өскелең ұрпаққа толыққанды өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс. Әр бала бақыт, махаббат пен түсіністік атмосферасында өсуі керек. Мектебіміз позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталып жұмыс істеу үстінде.
Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, сұраныстарын, мінез-құлқын, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Позитивті ата-ана – бұл мейірімді қарым-қатынасқа, қолдауға, баланың жеке басының күшті жақтарына, балалар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын назарда ұстайтын тұлға екенін алға тарта отырып, 10-11 сынып ата-аналарымен 28.11.2023ж "Сен жанбасаң лапылдап..." тақырыбында сабақ жүргізілді. Ұйымдастырушылар: 10"А" сынып жетекшісі Н.Алмабекова, мектеп психологы Б.Кистауова, МБТІЖО А.Ажмолдаева.
29.11.2023ж «Ата-аналарды қолдау орталығы» аясында 5-сынып ата-аналарымен "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер.Бала жүрегіне жол табу." тақырыбында сабақ өткізілді. Ұйымдастырушылар: С.Абитова, Б.Кистауова, Г.Капалбаева, А.Қожатаева, А.Ажмолдаева.
30.11. 2023ж «Ата-аналарды қолдау орталығы» аясында "Бала жүрегіне жол табу" тақырыбында 6- сынып ата-аналарымен жұмыс жүргізілді. Ұйымдастырушылар: Ж.Досанова, А.Оңалбекова, А.Сатқынбаева, А.Ажмолдаева.
30.11.2023ж «Ата-аналарды қолдау орталығы» аясында 1- сынып ата-аналарымен "Білімдіге дүние жарық" тақырыбында сабақ жүргізілді. Ұйымдастырушылар: А.Адай, Б.Кистауова, А.Ажмолдаева.
05.12.2023ж мектебімізде "Парасат"аналар мектебінің отырысы өткізілді. "Ата-аналарды қолдау орталығы" аясында "Даналық мектебінің" бір бөлігі "Парасат" аналар мектебінің жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қатысуы туралы тыңдалды. «Парасат» аналар мектебінің отырысында аналардың белсенділік танытулары жиналыстың мықты жағы деп айта аламыз.Ұйымдастырушы: МБТІЖО А.Ажмолдаева, ПҰ А.Байшигашева