Еңбек күні « Еңбекке тәрбиелеу ата-ананың міндеті»
Тақырыбы: Еңбек күні « Еңбекке тәрбиелеу ата-ананың міндеті»
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
-еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Күні: 02.12.2021
Қатысушылар саны: 6
Қысқаша мазмұндама: Отбасында ғана болашақ ұрпағымызға біз өмір туралы, айналада қоршаған орта, табиғат, адамдар қарым-қатынасы жайлы ең алғашқы ұғымдар береміз. Бұл жұмыстың жүзеге асырылуына, әрине, ұрпақтар тәжірибесі кеңінен қолданылады.
Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін ешуақытта да ұмытпауы тиіс. Егер әр ата-ана өзінің баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әр түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе, онда біз егеменді еліміздің болашағы жарқын деп атап айтар едік.