«Ұстаз – ұлы тұлға». » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
25
октябрь
2021

«Ұстаз – ұлы тұлға».

Тақырыбы:  «Ұстаз – ұлы  тұлға».

Мақсаты:  Школьникам ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру. Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен  оқушы арасындағы байланысты  нығайту . Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін  ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Күні: 25.10.2021

Қатысқан оқушылар саны: 6

Қысқаша мазмұндама: Шыны керек, ұстаз ғалымның да, батырдың да, ақынның да білімін үйрететін, төзіммен түлететін адал жан. Оның еңбегі әлемдегі қаншама сұлулық пен жылулыққа да тең. Шабытты шәкірттің санасын шарықтататын, бұлақ көрсе көзін ашатын, әлемге білімнің нұрын шашатын- ұстаз. Ай астындағы айбынды да аяулы, жер үстіндегі жәннатым да жерұйығым –Қазақстанның деңгейін көтеру міне, солардың қолында. Мұғалімнің білім шекарасы кең болса, оқушының да ой-өрісі кең болады, ал, саналы ұрпақпен елдің болашағы жарқын болмақ. Мұғалім оқушының тәлімгері, тіпті сенім артар серігі десек артық болмас. Артылған сенімді ақтай алатын ұстаздың да келешегі кемел. Дарынды данагөйлердің, даңқты дарабоздардың өзі ұстаздар жайлы қалам тартпай өтпеген. Ұстаздың ел алдындағы мәртебесі тым биік, оны қадірлейтін, құрметтейтін, сыйлайтын халық бар. Мен ұстаздардың өзі ұстаздардан дәріс алғанын ойлап, тереңнен толғанып қарасам, алма-кезек дәуреннің құндылығы осында жатқандай. «Мектеп кеме- білім теңіз» дейді дана қазақ. Иә ,сол мектептің , білім орданың бетке ұстары, адамның тірегі –қаңқа болса, мектептің тірегі ол - ұстаз. Ой елегінен өткізіп ойланатын болсақ тәуелсіз еліміздің болашағын ойлар ақылды да айбатты, елін, атамекенін, туған жерін сыйлайтын патриот, пайымды, түйінді санамен шешетін айбынды азаматты жетілдіруде ұстаздың орны бөлек, зор екені баршамызға аян.