«АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты»
Тақырыбы: «АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.
2. Тәрбиелік мақсат: АҚТҚ - ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу.
Оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау.
3. Дамытушылық мақсат: Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.
Күні:11.11.2021
Қатысушылар саны: 6
Қысқаша мазмұндама: ДДСҰ-ның анықтауы бойынша, репродуктивті денсаулық – бұл репродуктивті жүйеге, оның функцияларына және процестеріне байланысты аурулардың болмауы ғана емес, сонымен бірге физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік салауаттылық жағдайы. Репродуктивті денсаулықты қорғау бала кезден басталуы керек, осыған байланысты ата-аналар балаларының репродуктивті денсаулығын қалай сақтауды және нығайтуды білуі тиіс.
Бала үшін ата-анасының көрсеткен үлгісі өте маңызды. Егер бала салауатты өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын, зиянды әдеттерден аулақ жүретін ата-анасымен тұратын болса, баланың өзі де ата-анасына қарай отырып, оларға еліктейтін болады, демек, дені сау болып өседі.
Балаларды тамақтануға байланысты жақсы әдеттерге үйретуде де ата-аналардың рөлі зор. Баланы кішкентай кезінен бастап салауатты тағам өнімдерімен таныстыра бастаған жөн. Алайда, егер ата-аналардың өздері не жегендеріне көңіл бөлмесе, әрине, бала да отбасында көрген дағдыларды қайталайды.
Тәрбиеші: А. Ажибекова