Мектепішілік оқушылар жиыны » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2024

Мектепішілік оқушылар жиыны

16.02.2024ж 5-11 сынып оқушыларымен мектепішілік оқушылар жиыны өткізілді. Жиында:
1.Мектепішілік оқушылар кезекшілігінің нәтижесі
2.Мектеп құрал-жабдықтарына, мектеп жиһаздарына ұқыптылықпен қарау туралы
3."ДосболLIKE: достық қолын ұсын" акциясының екі апталық нәтижесі туралы
4.Спорттан, өнерден жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау туралы мәселелер көтерілді.
Спорттан, өнерден байқаулар мен жарыстарға барып орын алған оқушыларды мектеп Президенті Койлюбай Алдияр Айдынұлы марапаттады:
1.Республикалық "Дарын" өнер орталығының ұйымдастыруымен ІІ Республикалық "Дарын" атты балалар өнер байқауында "Көркем сурет" жанры бойынша өнер көрсеткені үшін 1 дәрежелі дипломмен 6"Ә" сынып оқушысы Рамазан Айзере, 6"А" сынып оқушысы Сержанқызы Балым, 2 дәрежелі дипломмен 6"А" сынып оқушысы Хунанбай Айару, 3 дәрежелі дипломмен 6"А" сынып оқушысы Ақжол Жамели марапатталды.
2."ART поколение" Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту және қолдау қоры" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен І Республикалық"BALA JULDYZ" балалар өнер байқауында "Сурет" номинациясы бойынша Ақжол Жамели дипломмен марапатталды.
3.Ұйғыр ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдодан Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған 2012-2013, 2014-2015 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнирде 32 кг салмақта ІІ орын алғаны үшін және жас ерекшелігіне байланысты жасөспірім балалар арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткен дзюдодан ашық турнирде 32 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын алғаны үшін Оразбек Жігер дипломдармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/C3ZzrfZtXQW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru