Мектепішілік оқушылар жиыны » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2024

Мектепішілік оқушылар жиыны

02.02.2024ж 5-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік оқушылар жиыны өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мектептің тәртіп ережесін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу, оқушы жетістіктерін мадақтау арқылы өзге оқушыларға үлгі көрсету.
Жиында спорт пен оқу жағынан жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталды:
1. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Шаяхметтің ұйымдастыруымен өткен 7-9 сынып қыздары арасындағы мектепішілік волейбол жарысында 1 орын иеленген 8”Б”сынып ,2 орын иеленген 7”А”сынып, 3 орын иеленген 8”Ә”сынып қыздары марапатталды. Жауапты: А.Байшигашева
2.29.01.2024ж Еңбекшіқазақ аудандық Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде М.Мақатаевтың туған күніне орай өткен "Жырлайды жүрек" атты аудандық әншілер байқауында "Арнайы жүлде" иегері атанған 10"А" сынып оқушысы Даулет Ақерке марапатталды. Жетекшісі: Қырбалтабай ауылдық мәдениет үйінің вокал үйірмесінің жетекшісі Мұқан Ернар Оразханұлы.
3. 29.01.2024ж Еңбекшіқазақ аудандық Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде М.Мақатаевтың туған күніне орай өткен аудандық "Жырлайды жүрек" атты байқауда ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу және ақынға арнау, көркем сөз номинациясы бойынша 3 орын иеленген 10"А" сынып оқушысы Орынбек Нұрсұлтан марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстазы Жолдасова Тұрсынай Көпбосынқызы
4. Дзюдодан клубаралық турнирде 38 кг салмақ дәрежесінде 1 орын алған және жас ерекшелігіне байланысты жасөспірімдер балалар арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткен дзюдодан ашық турнирінде 35 кг салмақ дәрежесінде 1 орын иеленген 7"А" сынып оқушысы Жақсыбаев Алихан марапатталды.
5. 29.01.-02.02.2024ж аптаның нәтижесі:
1. Аптаның ең ұқыпты қыздары: Рахим Шырай, Алмасбек Аяжан, Даулет Айым, Бекмуратова Арна, Елмұратқызы Махаббат.
2. Аптаның ең ұқыпты ұлдары: Шарипбай Азамат, Горб Артур, Манап Марғұлан, Дүйсенбі Бағжан.
https://www.instagram.com/p/C3AEhYoNx1F/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Похожие публикации:

22 декабрь 2023 Оқушы жетістігі
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru