Мектепішілік оқушылар жиыны » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2024

Мектепішілік оқушылар жиыны

26.01.2024ж 5-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік оқушылар жиыны өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мектептің тәртіп ережесін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу, оқушы жетістіктерін мадақтау арқылы өзге оқушыларға үлгі көрсету, алға ұмтылу қабілеттерін дамыту.
Жиында спорт пен оқу жағынан жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталды:
1. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткен ЛФСЮ-2023 ұлдар арасындағы футболдан жарыста "Үздік бомбардир" номинациясын иеленген, 2008ж ұлдар арасындағы футбол жарысынан Алматы қаласының қысқы ашық біріншілігінде 2 орын алған "Қайрат" командасының мүшесі, 9"Ә" сынып оқушысы Нұртазанов Нұртас марапатталды. Жетекшісі: М.Шаяхмет.
2. Дзюдо күресінен 2012-2013, 2014-2015,2016-2017 ж.т.кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирінде 26 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын алғаны үшін Дүйсенғали Алиасқар марапатталды. Жетекшісі:Д.Капалбаев.
3. Дзюдо күресінен 2012-2013, 2014-2015,2016-2017 ж.т.кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирінде 35 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын алғаны үшін Төлеген Алижан марапатталды. Жетекшісі:Д.Капалбаев.
4. 25.01.2024ж өткен жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали оқулары» байқауының аудандық кезеңінде 2 Дәрежелі дипломға ие болған 10"А" сынып оқушысы Орынбек Нұрсұлтан марапатталды. Жетекшісі: Жолдасова Т.К
2. 22.01.-26.01.2024ж аптаның нәтижесі:
5. Аптаның ең ұқыпты қыздары: Рахим Шырай, Қадырбай Луиза, Егізбай Салтанат, Жапар Инабат, Алхат Мадина.
6. Аптаның ең ұқыпты ұлдары: Айнабек Медет.
   https://www.instagram.com/p/C2jvp0RtYWT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru