Хаттама №2 » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2021

Хаттама №2

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ бойынша «Қамқоршылық кеңес» отырысының  №2 хаттамасы



Қырбалтабай ауылы                                         14.10.2021ж

Қатысқаны:7


Күн тәртібінде:

  1. «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған ,жетім, жартылай жетім,көп балалы отбасыларға көмек көрсету туралы- А.Кунанбаева
  2. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының кеңес отырысына қатысу- Л.Итемирова /МДТІЖО/

Тыңдалды:


  1.         Күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің хатшысы әлеуметтік педагог А.Кунанбаева сөз алды. «Мектепке жол» акциясы бойынша көп балалы,аз қамтылған,бір анамен,бір әкемен тәрбиеленетін оқушыларға демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.Демеушілер: «Агро Балтабай»ЖШС,мектеп ұжымы,Алматы қаласындағы әуежай желілік полиция бөлімі,Жексенов Нурлан Шакенович.Сонымен қатар мектеп ұжымының атынан «Мектепке жол» акциясына байланысты көп балалы отбасынан шыққан 1 оқушы «Тау-Жанашар» лагеріне жіберілді. Осы маусым,шілде,тамыз айларында акция бойынша 37 оқушыға көмек көрсетілді. Барлығы 368 мың теңге құрады.

        Қыркүйек айында 7 оқушыға көмек көрсетілді.Демеушілер: жергілікті әкімшілік, ауыл тұрғыны Асель Мурзабекова және Қамқоршылық кеңес мүшесі Касенов Данияр. Оқушыларға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары берілді. Барлығы-74 мың теңге құрады.

  Қазан айы бойынша 20 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.Демеуші Еңбекшіқазақ ауданының мәслихат депутаты Гусев Михаил Александрович. 

Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы бойынша екі мақала Еңбекшіқазақ газетінде жарық көргенін атап өтті.

    Қамқоршылық кеңес мүшесінің төрайымы Смагулова Арайлым Советкановна сөз алды. Ол өз сөзінде мектеп жанындағы интернатта тұратын оқушыларға көп көмек беру қажет екенін айтты. Себебі, ол жерде тұратын оқушылардың ата-анасының шынымен жағдайлары төмен, барлығы жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Және қамқоршылық кеңес мүшелері бір ауыздан қолдады.

  1. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Итемирова сөз алды. Ол өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу туралы кеңес құрылды.Кеңесте  әр түрлі құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында сұрақтар қаралады.  Мектеп бойынша «Жасөспірім»  түнгі рейд жүргізілуде,кесте бойынша жауапты мұғалімдер көшелерді аралап жүреді. Мақсаты: жасөспірімдерді беймезгіл көшеде жүрмеуі және құқықбұзушылықты алдын алу.

     «Тәуекел» топтағы тұрған оқушылармен жұмыс жүргізілуде. Осы оқушылар әр түрлі үйірмелерге қатысып жүр, үнемі бақылауда. ӘП А.Кунанбаева және мектеп психологы Б.Кистауова ата-аналарымен тығыз байланыста.  

    Сабақтан   жиі кешігіп жүретін оқушылармен және ата-анасымен әңгіме жүргізілетін туралы айтып өтті.



Шешім:

  1. «Мектепке жол» акциясы кезінде мектеп жанындағы интернатта жататын оқушыларға көмек көрсетілсін.
  2. Көмекке демеушілер тартылсын.
  3. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғастырылсын.


Қамқоршылық кеңес төрайымы:                    А.Смагулова

Хатшы                                                               А.Кунанбаева

Кеңес мүшесі:                                                    С.Бекенгалиева

Кеңес мүшесі:                                                    Д.Еликбаева

Кеңес мүшесі:                                                   Ұ.Оразбайұлы

Кеңес мүшесі:                                                    А.Ускенбаева

Кеңес мүшесі:                                                    А.Баймурзаева 

Кеңес мүшесі:                                                    А.Баймуханбетова

Кеңес мүшесі:                                                    Д.Касенов

Кеңес мүшесі:                                                   Н.Иманбаева

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru