"Қазақстан балалары - қысқы ертегі» - қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Қазақстан балалары - қысқы ертегі» - қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру
15
март
2022

"Қазақстан балалары - қысқы ертегі» - қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру

"Қазақстан балалары - қысқы ертегі» - қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған қашықтықтан ұйымдастыру форматында  жоспар құрылды. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.  Демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен ақыл-ойының байытылуы үшін мүмкіндік беру мектептің бірінші кезектегі міндеті. Мектеп демалысы-балаға ерекше назар аударатын "аймақ", оны әлеуметтік қорғау. Мектеп каникулдық іс-шараларда барынша уақытты тиімді қамтамасыз ету, олармен жеке тәрбие-профилактикалық, түзету жұмыстарын жүргізу, ұжымдық іс-шараларға қатысуды қамтамасыз етуін қадағалауы тиіс.

            Қысқы демалыс кезінде жоспарланған іс-шаралардың мақсаты-қысқы демалыс кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

            Міндеттері:

            1) қысқы каникул кезеңінде балалардың демалыс және уақытты тиімді қамту жүйесін сақтауға және тұрақтандыруға бағытталған жағдайлар жасау;

            2) қысқы каникул кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау;

            3) қашықтықтан, оның ішінде қысқы каникул кезеңінде білім алушылардың іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету; 

              4) отбасылық құндылықтарды нығайту.

            Қысқы демалыс күндері жоспарланған  іс-шаралар туралы ақпарат білім беру ұйымының әлеуметтік желіде орналастырылды, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің назарына жеткізілді.

            Қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шаралары негізінде 30-желтоқсан 2021 ж 1-10 сынып жетекшілері  "Қауіпсіз демалыс" бейнероликтерін іске қосты.  Онда  қысқы қауіпсіздік ережелерін атап ескертіп, пиротехникалық бұйымдарды қолданбау, көшеде жүру тәртібі мен мұз қатуы кезіндегі қауіпсіздік ережесі, сақ болу туралы бейнероликтерді бала назарына паш етті. Оқушылар бейнероликті көріп, күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттіктерін түсінді. Әрбір оқушы  кері байланыс жазды. Ата-аналарға  ескертілді.   

Балалар шеберлік сыныптары іс-шаралар негізінде 31.12.2021ж   1-10 сыныптары  «Жаңа жылдық онлайн -–шеберханасы: «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық-ең керемет сыйлық!»  тақырыптық блогы бойынша оқушылар өздерінің  жаңа жылға арналған, өз қолдарынан шыққан туындыларын тарту етіп, сыйлық жасады . 

31.12.2021 күні  Жана жылдық онлайн-шеберханасы «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық-ең керемет сыйлық!» іс – шарасы бойынша  сынып жетекшісі К.Кистауова  оқушылармен онлайн жұмыс жүргізді. 5 «Ә» сынып оқушылары Бақытұлы Алау және Жанелхан Зерде өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын ортаға салды

31.12.2021 жылы «Жаңа жыл символы» тақырыбында постерлер байқауы бойынша 10  «Ә» сынып оқушылары көрікті постерлер жасады. Постерлерді заман талабына сай кампютерлік бағдарламамен жасап шығарған. Эстетикалық талапқа сай өте әдемі жасалған.

       8 «Ә» сыныбы 31.12.2021 күні «Қысқы қиял» тақырыбындағы іс – шарасы бойынша сынып жетекші С. Есимова  оқушылармен онлайн жұмыс жүргізді. Нәтижесінде оқушылар өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын ортаға салды.

31.12.2021ж  «Жаңа жыл символы» постерлер байқауы бойынша 7»Ә» сынып білім алушылары постерлер байқауына қатысыпөз өнерлерін паш етті. Сынып жетекшісі: А. Мурунбаева

01.01.2022ж отбасылық құндылықтарды насихаттау негізінде  «Жаңа жылмен құттықтаймыз-отбасылық тілек сыйлаймыз!» тақырыбында құттықтау бейнеролигін 1-10 сыныптары жасап жіберді. Соның ішінде 7 «Ә» сынып оқушылары Әлімбердіқызы   Аяжан және Оразбек Алуа мерекелік құттықтау айтып, бейнеролик жолдады. Сынып жетекшісі: А. Мурунбаева

8 «Ә» сыныбы 01.01.2022 күні «Жаңа жылмен құттықтаймыз, отбасылық тілек сыйлаймыз» тақырыбында сынып жетекші С. Есимованың жетекшілігімен  А. Нұрсейітова   мерекелік онлайн құттықтау бейнеролигін ұсынды.

5 «Ә» сыныбы 01.01.2022 күні «Жаңа жылмен құттықтаймыз, отбасылық тілек сыйлаймыз» іс – шарасы бойынша сынып жетекші К.Кистауова  жетекшілігімен  Оразбек Ақторғын және Жанелхан Зерде   мерекелік онлайн құттықтау бейнеролигін ұсынды.

10 «Ә» сыныбы 01.01.2022 жылы жоспар бойынша «Жаңа жылмен құттықтаймыз,отбасылық тілек сыйлаймыз» құттықтау бейнеролигін түсіріп жіберді. Есеркенов Алибек, Абақан Ақжол, Булат Қарақат, Мұрат Ақжол, Жеңіснұр Аяла Қазақстан халқын, отбасы мүшелерін, мұғалімдерді және сыныптастарын құттықтап, жақсы игі тілектерін білдірді.

02.01. 2022ж  күні  4 «А», 4 «Ә», 4 «Б»  сыныптары  «Жаңа жыл- отбасылық мереке»  тақырыбында фотоколлаж байқауын өткізді. Байқауға 4 «Б» сыныбынан  Халиева Замира, Жұмабек Таңнұр, Даулетбай Бекжан, Ерланұлы Алмас   қатысты.

4 «Ә» сыныбынан «Жаңа жыл- отбасылық мереке» тақырыбында Акимжан Айқын, Мейрамхан Айсұлтан фотоколлаж байқауына қатысып, отбасымен түскен суреттерін паш етті.

4 «А» сыныбынан Тоқтасын Амир «Жаңа жыл- отбасылық мереке» тақырыбындағы фотоколлаж байқауына қатысты.

3 қаңтар күні 2022 ж отбасылық құндылықтарды насихаттау негізінде «Біздің жаңа жылдық отбасылық дәстүрлеріміз» тақырыбында 3-ші және 10 сыныптары  бейнеролик  жасады. 

4 қаңтар күні 2022 ж отбасылық құндылықтарды насихаттау негізінде  6 сыныптар арасында «Бәрімізге ортақ хобби» онлайн - көрме байқауы өткізілді.  

5 қаңтар күні 2022 ж спорттық  қызығушылығын арттыру негізінде 5-ші сыныптар арасында «Жаңа жылдық серпантин» би марафоны  ұйымдастырылды. 5 «Ә» сыныбының қыздары Жанелхан Зерде, Әлімбердіқызы Ұлпан, Оразбек Алуа, Разғатқызы Күнсұлу, Жанабіл Ақбота әр түрлі әндерге би билеп, бейнеролик түсірді.

Эстетикалық тәрбие негізінде 6 қаңтар күні  7-8 сыныптары «Жаңа жыл жұлдыздары!» тақырыбында ән, би, шешендік өнерлерін онлайн түрде көрсетті. 8 «Ә» сыныбы 6.01.2022 күні «Эстетикалық» іс – шарасы бойынша сынып жетекші С. Есимова  оқушылармен онлайн «Жаңа жыл жұлдыздары» тақырыбында балалардың шешендік өнерлерінен құралған бейнеролик жасап, ұсынды. 7 «Ә» сынып білім алушылары Әлімбердіқызы Аяжан, Оразбек Алуа, Молдаш Нұрсұлу және Бейсенқызы Сара өз өнерлерін ортаға салып, заманауи стильдегі биге бейнеролик түсіріп, онлайн жолдады. Сынып жетекшісі: А. Мурунбаева

Техникалық қызығушылықтарын арттыру мақсатында 9-шы сыныптар «Роботтар жарысы» тақырыбында челлендж ұйымдастырды.

8 қаңтар күні оқушылардың шығармашылықтарын дамыту мақсатында 1-10 сыныптар арасында  «Бүгін бізде мереке» тақырыбында 3Д байқау, «Менің отбасым –бақыт мекені» тақырыбында өздері шығарған эссе мен өлеңдер байқауы (отбасылық, адамгершілік-рухани құндылықтар жеке мысалдар арқылы) ұйымдастырды. 

08.01.2022ж   «Менің отбасым-бақыт мекені» тақырыптық блогы бойынша 

7 «Ә» сынып оқушылары.  Оңғарбай Камшат, Даменова Сальма және Жолан Гүлім «Менің отбасым-бақыт мекені» тақырыбына эссе жазып, онлайн байқауға қатысты. Сынып жетекшісі: А. Мурунбаева

10 «Ә», 5 «Ә» сынып оқушылары «Менің отбасым-бақыт мекені» өздері шығарған эссе мен өлеңдер байқауы тақырыбында оқушылар эссе жазды.

8 «Ә» сыныбы 8.01.2022 күні сынып жетекші С. Есимова  оқушылармен онлайн  кездесіп «Менің отбасым – бақыт мекені» тақырыбында эссе жазып, жыр шумақтарын жазды

9 қаңтар күні 1-2 сыныптар аралығында сәндік-қолданбалы шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде -"Көңілді аққала"қар фигураларының отбасылық байқауы

-"Жаңа жылдық қолөнер" табиғи материалдан немесе импровизацияланған құралдардан жасалған қолөнер көрме – байқауы  (дереккөз-ҚР БҒМ мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары Facebook (@bala.edu.gov.kz), Instagram (@kopd_mon_rk)) өткізілді. Сондай-ақ 2 «Ә» сынып оқушылары Байділдә Нұрбол, Калмухан Әмірхан, Алтынбек Асылбек «Жаңа жыл символы» тақырыбында суреттерін салды. 




Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru