29
сентябрь
2023
1 қазан - Қарттар күні
7"Ә" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі К.Кистауова, ПҰ А.Байшигашева, МБТІЖО А.Ажмолдаева 1 қазан- Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Үлкен кісілердің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларының еліміздің өсіп - өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Бүгін, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта олар ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес.
1 қазан- Қарттар күні құтты болсын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, ел - жұртымыздың береке - бірлігі таси берсін.