02
октябрь
2023
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне, әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі.
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып келеді. 1 қазан күні мектебіміздің жас ұлан жасөспірімдер ұйымы зейнеткер қарттарды құттықтап, үйлеріне барып, құттықтап тазалық жұмыстарын жасады.