«Парасат» аналар мектебінің отырысы Төраға- Мошанова А.
Посмотреть онлайн файл: parasat-analar-mekteb-hattama.docx
«Ы. АлтынсаринСредняя школа имени – мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ-сі
ХАТТАМА №2
30 қараша 2023 жыл
«Парасат» аналар мектебінің отырысы
Төраға- Мошанова А.
Хатшы- Бекбосынова Б.
Қатысқандар: адам
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Ата-аналармен атқарылған жұмыстардан хабарлама туралы
Аналар мектебінің төрағасы А.Мошанова
2. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы туралы хабарлама туралы
ПҰ А.Байшигашева
3. Ағымдағы мәселелер
МДТІЖО А.Ажмолдаева
1.ТЫҢДАЛДЫ:
Аналар мектебінің төрағасы А.Мошанова - бірінші мәселе бойынша тыңдалды. Ол өз сөзінде 08.09.2023ж Отбасы күніне орай 4 сынып оқушылары «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбынды бейнеролик жасағанын айтты. Аталмыш бейнероликте балалар өз отбасы мүшелерімен бірге өткізген күндерінің фотоларын және видеоларды қосып, бейнероликтер жасады. Жасаған бейнероликтері #otbasysagaty хэштэгімен Instagram әлеуметтік желісіне салынғаны туралы айтты.
Сондай-ақ «Отбасы күніне » орай 3-сыныптармен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сурет байқауы өтті. Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтіп, ол іс-шараға әжелеріміз қатысқанын айтты.
Ата-аналармен топтық жұмыс жүргізу және ата-аналар комитетінің өзара әрекеттесуі мақсатында ата-аналар комитетімен жиналыс өткізілді. «Ата-аналарды қолдау орталығы» бойынша сабақтар жүргізілгенін атап өтті.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ата-аналармен жұмыстары жүйелі түрде жалғастырылсын.
2.ТЫҢДАЛДЫ:
ПҰ А.Байшигашева – екінші мәселе бойынша тыңдалды. Ол өз сөзінде мектеп тәртібі және ережесімен ата-аналарды таныстырды. Оқушылар сабақтан қалмауы, кешікпеуін ескертті. Әр ата-ана өз баласын сабақтан қалдырмауы тиіс, сабақта қамтылуын, сабаққа қатысуын қамтамасыз етуі тиіс екені айтылды. Сөз соңында сабақтан жиі себепсіз қалатын оқушыларды атап кетті.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы қадағаланып отырылсын, себепсіз сабақтан қалдырмау ата-ана міндеттіне жүктелсін.
- Сабақтан денсаулығы бойынша ауырып қалған оқушылардың анықтама қағаздарын ата-ана уақытылы өткізілуін назарға алсын.
- Аптаның соңғы күні оқушылардың сабаққа келуін ата-ана тарапынан қамтамасыз етілсін.
3.ТЫҢДАЛДЫ:
МДТІЖО А.Ажмолдаева - үшінші мәселе бойынша тыңдалды. Ол өз сөзінде ата-аналардың мектепке көбірек талтылуы қажет екендігін айтты. Түрлі іс-шараларға, сынып сағаттарына, ашық сабақтарға ата-аналардың келіп қатысуын өтінді. Сондай-ақ оқушылардың сыртқы мектеп формасы туралы сөз қозғады. Оқушылардың өмір қауіпсізідігі негізінде қараусыз түнгі уақытта көшеге жібермеуін сұрады. Мектепке ұялы телефондарын алып келмеуді ескертті.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ата-аналар балаларын кешкі уақытта көшеге қараусыз жібермесін. Мектеп формасымен мектепке келуін қадағаласын. Мектепке ұялы телефондарын алып келмеуін қадағаласын. Мектеппен байланыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырылсын.
Төраға- Мошанова А.
Хатшы- Бекбосынова Б.