Құқық бұзушылықтың алдын алу
2023 жылы 28 қараша күні мектептің мәжіліс залында Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ-нің инспекторы полиция лейтенанты Д.Жакыпов және Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ-нің инспекторы полиция аға сержанты М.Сәди 8-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізді. Жиналыста оқушыларға «Жастар арасындағы қылмыс пен бопсалау», «Буллинг және Кибербуллинг», түнгі рейд "Жасөспірім" бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Администрация құқық бұзушылық кодексінің 127 –бап 1 - бөлігі, 441-бап 1 бөлігі, 435-бап,440 –бап 2 –бөлігі, 442-бап 1 бөлігі, 2 бөлігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Және де ҚР Қылмыстық Кодексі 106-бап «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», 194-бап « Қорқытып алу», ҚР Қылмыстық Кодексі 293 –бап «Бұзақылық» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қазіргі кезде жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтарды мысал ретінде келтіріп, кәмелетке толмағандарға қылмыс жасағаны үшін қандай жаза тағайындалатынын айтып өтті.