Құқық бұзушылықтың алдын алу
26.10.2023 күні 7-11 сыныптар арасында Еңбекшіқазақ ЖПҚБ АПБ ЮПТ-нің инспекторы полиция лейтенанты Жақыпов Даулет Адилетұлы, Тюлюпов Куаныш Юрьевич ЮПТ-нің көмекшісі және мектеп директоры Д. Есеркенова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Итемирова, мектеп психологы Б.Кистауова, ауылдың имамы Б. Әкімхан қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында бопсалаудың алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы дәріс өткізіп мысалдар келтіріп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әрбір оқушы мектеп ережелерін орындауға міндетті және де өздерінің жауапкершілігін білу керек екенін айтты. Рейд кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер заңсыз өкілдерісіз түнгі уақытта жалғыз жүруге болмайтынын айтып кетті.