Балалар жылына арналған іс-шара
Биылғы барыс жылын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық құттықтауында «Балалар жылы» деп жариялады. Ол «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін» – деді.
Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты. Осы орайда біздің мектепте балалардың сыныптан тыс уақытта рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасайтын, шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру, өзіндік талдау, жинақтау, өлеңді мәнерлеп жатқа айта білуге машықтандыру мақсатында «Мен елімнің болашағымын!» атты іс –шараны өткіздік. Іс-шара 3 бөлімнен тұрды. Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Отаным-тағдырым» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. 1-4 сынып оқушылары өлеңді көрерменнің жүрегіне жеткізе біліп, көңілдерінен шығатындай етіп мәнерлеп айтып берді. 5-7 сынып оқушылары «Әлем менің көзіммен» тақырыбында дайындаған бейнероликтерін көрсетті. 8-10 сынып оқушылары «Болашақтағы Қазақстан» тақырыбында жасаған презентацияларын қорғады. Әр оқушы болашақта Қазақстанды қалай елестететінін, елімізде қандай өзгерістер болғанын қалайтындықтарын слайд арқылы көрсете білді. Іс-шара соңында әділ қазы алқасы әр бөлім бойынша оқушыларды І,ІІ,ІІІ орындармен марапаттады.
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындасын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын! дей келе, біздің оқушылар кең- байтақ еліміздің келешекте еңселі де, іргелі елге айналуына үлестерін қосатындарына сенеміз.