«Мен елімнің болашағымын!»
Балалар жылына арналып біздің мектепте балалардың сыныптан тыс уақытта рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасайтын, шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру, өзіндік талдау, жинақтау, өлеңді мәнерлеп жатқа айта білуге машықтандыру мақсатында «Мен елімнің болашағымын!» атты іс –шара өткізілді. Іс-шара 3 бөлімнен тұрды. Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Отаным-тағдырым» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. 1-4 сынып оқушылары өлеңді көрерменнің жүрегіне жеткізе біліп, көңілдерінен шығатындай етіп мәнерлеп айтып берді. 5-7 сынып оқушылары «Әлем менің көзіммен» тақырыбында дайындаған бейнероликтерін көрсетті. 8-10 сынып оқушылары «Болашақтағы Қазақстан» тақырыбында жасаған презентацияларын қорғады. Әр оқушы болашақта Қазақстанды қалай елестететінін, елімізде қандай өзгерістер болғанын қалайтындықтарын слайд арқылы көрсете білді. Іс-шара соңында әділ қазы алқасы әр бөлім бойынша оқушыларды І,ІІ,ІІІ орындармен марапаттады.