Қ.Р Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Қ.Р Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»
15
декабрь
2021

Қ.Р Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Тақырыбы: Қ.Р Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін тереңдету.

Школьникам тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, дүниетанымын, ойлау және есте сақтау қабілетін, сөздік қорын дамыту, ой қорыта білуге дағдыландыру.

Топта ынтымақтаса жұмыс жасауға, тіл дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.

Күні: 15.12.2021

Қатысушылар саны: 6

Қысқаша мазмұндама: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХV ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХVІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының   мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.

                                                                                                Тәрбиеші: А. Ажибекова