12
февраль
2018
16-;желтоқсан
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Сол жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді.
10-15 желтоқсан аралығында «Желтоқсан жаңғырығы» атты апталық өткізілді. Апталықта барлық сыныптарда Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Онда сынып жетекшілер 1986 жылы 16 желтоқсанда болған көтеріліс туралы, оған қатысып ерлік көрсеткені, бұл тәуелсіздіктің бізге оңай жолмен келмегендігі туралы айтылды. 3а және 8ә сыныптарында ашық тәрбие сағаттары өтті. Ашық сабақтарда Қазақ Хандығының құрылуынан бастап кәзіргі кезге дейінгі көрген қиыншылықтарымыз бен жеткен жетістіктеріміз туралы баяндалды. 1986 жылғы болған көтерілістен үзінділер де көрсетілді. Сол батырларға арналған өлең жырлар оқылды.
«Гүлдене бер – Қазақстан!» атты бастауыш сыныптарында суреттер байқауы өткізілді. Оған үшінші және төртінші сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылардың шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Ең тамаша орындалған жұмыстар Серікбай Інжу дәндерден панно жасаған. Бакиров Амран, Тілеуқабыл Ілиястың т.б. шығармаларды атап айтуға болады.
«Желтоқсан құрбандары» атты мектепте және мектеп жанындағы интернатта көрме ұйымдастырылды. Ол көрмеге Ербол, Ләззат, Қайрат сынды батырлардың өмірбаяны мен ерліктері туралы буклеттер жасалынып, газеттер шығарылды.
«Шұғыла» қайырымдылық қоры мектеп жанындағы интернат оқушыларына Тәуелсіздік күніне арнап бір күндік саяхат ұйымдастырды. 14 және 19 желтоқсан күндері қайырымдылық қоры 104 оқушыны Алматы қаласына апарып қыдыртты. Балалар өз қуаныштары мен алғыстарын жеткізді.
ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып құрбан болған батырларды еске алып бір минут үнсіздік жарияланды. Ол кеште жастарға патриоттық сезім мен рух беретін өлеңдер оқылып, әндер айтылып, билер биленді.
ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған тесттер алынды. Тест Тәуелсіздік күніне байланысты «Государственные символыді білеміз бе?» атты сұрақтарда болды. Он сұрақ үш жауаптан құрастырылған. Оған 5-10 сынып оқушылары қатысты. Жалпы тестің қорытындысы бойынша көп оқушылар дұрыс жауап берген. 1,7,8 сұрақтарды дұрыс мұқият оқымағандықтан қателіктер жіберген және авторларды шатастырып жауап берген.