Көпбалалы отбасылармен жиналыс » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
ноябрь
2021

Көпбалалы отбасылармен жиналыс

 «Ы. АлтынсаринСредняя школа имени – мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ-сі 

ХАТТАМА

№6

18 қараша 2021 жыл 

Көпбалалы отбасылармен жиналыс

Төраға- Н.Иманбаева

Хатшы- М.Лукпанова

Қатысқандар: 40 адам (тізімі қоса беріліп отыр)

Күн тәртібі:

1. «Әке көрген оқ   жонар , шеше көрген тон пішер» тақырыбындағы  презентация туралы

А.Кунанбаева, әлеуметтік педагог

2. Көпбалалы отбасында бала құқығы қаншалықты сақталатыны туралы

А.Ажмолдаева,МДТІЖО 

ТЫҢДАЛДЫ:

            А.Кунанбаева- презентация материалдары қоса беріледі. Ол өз сөзінде отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі екенін атап өтті. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам болып табылады. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасатынына ерекше тоқталды. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастыруымыз қажет екенін атап өтті. Отбасы құрылымы- отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұратынын айтты. Отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген, жалпы отбасы мүшелерінің қызметі қандай жағдайларда жүзеге асады деген сияқты сұрақтар қоя отырып, отбасы құрылымын талдау мүмкіндігін туғызды. Отбасылық құндылықтар деп бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі екенін атап өтті.  Әрбір отбасының өз құндылықтары болатындығы, ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін екенін айтты.  Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөлетінін ескертті. Олар дәстүрлі , қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.Дәстүрлі отбасылық құндылықтар, дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты оларға дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау қажет екендігі байқалатынына ерекше тоқталды. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі болатыны, бірақ олардың ұқсас жақтары да бар екенін атап өтті. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болатынын айтты.

           А.Н.Ажмолдаева – екінші мәселе бойынша тыңдалды. Ол ата – аналарға сұрақтар қою арқылы оларды әңгімеге тартты. Көпбалалы отбасының артықшылықтары қандай, көп балалы отбасында бала құқығы сақталады ма, балалары өз сырларын бөлісіп айтады ма деген сияқты мәселелер көтерілді. 

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

 Кезбаева Ляззат- өз сөзінде үлкен қызы Булат Қарақат домшаруасына көмектесетінін, сондай ақ өз сабағына да үлгеріп жататынын атап өтті. 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Әке көрген оқ  жонар , шеше көрген тон пішер» тақырыбындағы  презентация бала тәрбиесінде ескерілсін
  2. Көпбалалы отбасында бала құқығының сақталуы қатаң түрде қадағалансын және ата-аналарға міндеттелсін                                  

 Төраға:                    Н.Иманбаева

Хатшы:                     М.Лукпанова