Ата-аналар комитеті төрағаларымен жиналыс
«Ы. АлтынсаринСредняя школа имени – мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ-сі
ХАТТАМА
№5
17 қараша 2021 жыл
Ата-аналар комитеті төрағаларымен жиналыс
Төраға- Н.Иманбаева
Хатшы- М.Лукпанова
Қатысқандар: 49 адам (тізімі қоса беріліп отыр)
Күн тәртібі:
1. «Балалардың құқық бұзушылық әрекеттерін алдын алу» туралы
А.С.Акимжанова, АПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны
ТЫҢДАЛДЫ:
А.С.Акимжанова - балалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарды заңдармен таныстырып, ексерту жасады. Баласын сабақтан себепсіз 10 күн қалдырған ата-анаға айыппұл салынатынын атап өтті. Бала 16 жастан бастап құқық бұзушылықтың субьектісі болып табылады. Қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында темекі бұйымдарын қолдану , яғни электронды темекі жиі қолданылып жүргенін айтып ескертті. Оның барлығы бала денсаулығына зиян. «Қазақстан Республикасының Бала құқығын қорғау» заңында ата-ана бала денсаулығын қадағалап, зиянды әдеттерден аулақ болуын қадағалау керек деп жазылған. Сол себепті темекі бұйымдарын қолдану 444 бапқа сәйкес жазаланады, яғни ата-анаға 43000 тг-ден астам айыппұл салынады. Сонымен қатар ішімдік әнсе әкімшілік құқық бұзушылықтың 130 бұйрығына сәйкес айыппұл салынады. Администрация құқық бұзушылық жасалса, алкоголь,темекі тартылса 423 бұйрық бойынша хаттама толтырылады, айыппұл салынады. Рейдтің болуына қарамастан жасөспірімдер арасында түндегі жүру азаймай жатқанын атап өтті. Қаңғыбастық, девиантты мінез-құлық байқалса сотқа беріліп, есепке алынады. Әжесімен , туысқанымен жүрсе де әкімшілік жауапқа тартылады. Тек қамқоршысы, ата-анасы ғана қасында жүруге рұқсат етілгенін ескертті. Сондай-ақ қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында ерте кездегі жүктіліктің көбеюі байқалады. ЦРБ –да babybox киоскісі бар екенін, арнайы тастанды балалардың санын азайту мақсатында ашылғандығын атап өтті. Негізі 16 жасқа дейін жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған және де осындай жағдай орын алған кезде 122 бап бойынша жазаланатынын айтып ескертті.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ата-аналар тарапынан балаларға қатысты құқық бұзушылық әрекеттердің болмауы қатаң түрде қадағалансын
Төраға: Н.Иманбаева
Хатшы: М.Лукпанова