Отбасы күні » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2018

Отбасы күні

Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2018 жылы 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апталықты өткізу туралы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің хаты негізінде 75-15 -75/1643 хатты негізге ала отырып мектепшілік бұйрық шығарылды, жоспар жасалынды.
Республикалық аптаны өткізудің мақсаты: қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналарды балалары құрметтеуге, отбасы мүшелеріне қамқор болуға, бір-бірлерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Жоспар бойынша төмендегі іс-шаралар өткізілді.
І -«Менің отбасым» 5-6 тақырыбында суреттер байқауы өтті.
1 –ші орынды Орынбек Нұрсұлтан, 2-ші орынды Дүйсенғали Жанель,
3-ші орынды Талғатов Темірлан. Осы оқушылырдың суреттері жеңімпаз болып, марапатталды.

ІІ -«Менің отбасым» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында эссе жазылды.
1-ші орынды Жеңіснұр Аяла мен Дәулет Ақерке, 2-ші орынды Амантай Аяулым мен Мағауия Өркежан, 3-ші орынды Ермек Дәулетбек пен Алхат Әсем жеңіп шықты.Осы оқушылардың жазған эсселері эстетикалық талғамға сай және мазмұны мағыналы жазылған.
ІІІ -«Ата-ананы құрметтеу-әрбір адамның қасиетті борышы» атты 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар өз ата-аналарын құрметтеуге, сыйлауға отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау қажет екенін айтып, пікір алмасты. Отбасы жайлы в Алхат Әсем видеолар мен слайдтар көрсетілді.


IV- «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында спорттық отбасылық сайыс «Толағай» өткізілді. 1-ші сыныптар арасында ата-аналары мен балалардың қатысуымен өткізілді.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды
1-кезең «Секіргішпен айналып секіру» шарты: ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
2 –кезең «Доппен жүгіру» шарты: допты жерге ұрып жүгіру
3 кезең «Обручты айналу» шарты: обручты айналып өту керек
4-кезең «Допты айналдыру» шарты: бір сызық бойына тұрып, допты жоғары көтеріп бір-біріне береді. Ең соңғы адам екі аяғының ортасынан өткізіп, кері қайтарады.
1 орынды 1 «А» сыныбындағы Қайрат Аяланың отбасы жеңді.
2 орынды 1 «Ә» сыныбындағы Боранбаева Дананың отбасы жеңді.
2 орынды 1 «А» сыныбындағы Төлеген Мәдидің отбасы жеңді.
3 орынды 1 «Ә» сыныбынды Нұрбақыт Нұрайдың отбасы жеңді.
Жеңген отбасыларды арнайы мақтау қағазымен марапатталды.



V-«Отбасы бақыт мекені» атты концерт өткізілді. Ата-аналарға, балаларға, келген қонақтарға арналды. Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқып, билерін, әндерін арнады.







Похожие публикации:

13 март 2018 Қазақ аруы
09 февраль 2018 Отбасы күні
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru