Ерлік сабағы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2018

Ерлік сабағы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты ерлік сабағы туралы мәлімет.
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 28 ақпан күні аудан бойынша ерлік сабағы өтті.
Ерлік сабағының мақсаты - оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Жалпы семинарға Есік өңірі бойынша 21 АӘД пәнінің мұғалімі бір – бір оқушымен келді. Бірінші жоспар бойынша семинардың ашылуы болды.
Екінші жалпы мектеппен таныстырды. Сабақтан тыс жүргізілетін спорттық үйірме жұмыстарымен таныстырды.
Мектеп жанындағы жаңадан салынған шағын стадион көрсетілді.
Келесі кезекте жоспар бойынша күрес үйірмесін тамашалады. Үйірмеде 40 тәрбиеленуші бар. Тәрбиеленушілердің жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Капалбаев Д.Т. Тәрбиеленушіліер қазақша күрестің әдіс – тәсілдерін көрсетті.
Жауынгерлік даңқ бұрышына саяхат өткізілді. АӘД пәнінің мұғалімімен бірге директордың оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары Абдукалыкова Ш.Д осы «Жауынгерлік даңқ» бұрышымен таныстырды.
Келесі кезекте жоспар бойынша ерлік сабағы көрсетілді.Жалпы мектеп бойынша ерлік сабағына 10 сынып жауапты болып, 2-10 сыныптарға дейін оқушылар қатысты.
Мемтеп директоры Т.Т Сендалиевке сөз беріліп, директор құттықтау сөзін айтты. Сабақта патриоттық әндер айтылды, көрініс қойылып, видеороликтер көрсетілді. Қырбалтабай ауылында дүниеге келген, мектеп түлектері болған, әскери қызметте жұмыс жасаған және жұмыс жасап жүрген азаматтар туралы айтылды. Олар: Лұқпанов А.С, Қапалбаев Д.Т, Сатыш Е.С, Кульбаев Д.К, Жапар Ш.Н т.б
АӘД пән мұғалімі У. Кульбаев мектепте жүргізілетін әскери – патриоттық іс – шаралар туралы және АӘД пәні бойынша оқушылардың жетістіктерімен мәлімет беріп, таныстырды.
Қонаққа келген ауған соғысының ардагерлері Тұранов Қ және Еңбекшіқазақ ауданының ауған соғысы ардагерлерінің және мүгедектерінің қоғамдық ұйымының төрағасы Сарқышбаев Т келе жатқан мерекелерімен құттықтап, сөз берілді. Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің әдіскері Қайрат Әукен сөз сөйледі.
Салтанатты түрде 2001 жылғы мектеп оқушыларына «Шақыру учаскесіне тіркеу туралы» куәлікті Ауған соғысының ардагерлері табыс етті.
Ерлік сабағын жоғарғы деңгейде өтті. Қатысқан оқушылар өте жақсы дайындалған. Сахнаға әскери киіммен шығулары , сөйлеп ән айтулары, өздерін ұстай білуі өте жақсы болды. 10 сынып оқушылары үлкен жауапкершілікпен өткізді.
Ерлік сабағы аяқталғаннан кейін Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің әдіскері мен АӘД пән мұғалімдері сөз сөйлеп қорытындылады.
Ерлік сабағы

Похожие публикации:

12 февраль 2018 16-;желтоқсан
12 февраль 2018 Ұлдар кеңесі
16 октябрь 2017 Ұстаздар күні 2017
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru