Тіл мерекесі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2018

Тіл мерекесі

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 18-22 қыркүйек аралығында «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында тіл апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушыларға ана тіліміздің асыл қасиеттерін меңгерту, сөз байлығын молайту, туған тіліміздің терең иірімдеріне бойлату. Апталықтың алғашқы күні жоспармен таныстырылып, «Тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында мектеп кітапханашысы Г.Абдукалыкова баяндама жасады. 5-11 сынып оқушылары апталық барысында қабырға газеттерін шығарып, тіл туралы өз шығармаларын жариялады. 10А сыныбының «Тіл – ұлы байлық» атты және 9-сыныптың «Үш тұғырлы тіл» тақырыбындағы қабырға газеттері мазмұны жағынан да өте жақсы деп бағаланды.
Жоспарға сәйкес 6-сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Т.Жолдасова мен А.Қоқымбаев «Тіл – достықтың алтын көпірі»
тақырыбында көңілді тапқырлар клубын өткізді. Сайыс төмендегі кезеңдерден тұрды:
1. Таныстыру
2. Кім көп біледі?
3. Үй тапсырмасы
4. Топ басшыларының сайысы
Сайысқа «Үздіктер құрамы» және «Қыран» тобы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Тіл туралы мақалдар айтылып, тілді шұбарламай сөйлеу, үш тұғырлы тілді қолдау т.б. заманның көкейкесті мәселелері айтылды. Сайыста 6а сынып оқушылары өздерінің білімдері мен тапқырлықтары нәтижесінде жеңіске жетті.
Апталық кезінде ұлт тілінің жанашыры М.Шахановқа арналған «Ұлт тілін ұлықтаған ақын» атты поэзия кеші өткізілді. Кешті қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ұ.Абдрасилова 10 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырды. Кеште ақынның балалық шағына арналған видео, ақынмен жүргізілген сұхбаттардан үзінділер көрсетілді. Сондай-ақ ақынның тіл туралы, желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдері, поэмалары оқылып, әндері шырқалды. Апталық кезінде 8-9 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Досанова «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын ұйымдастырды. Сайысқа «Зерде» және «Дарын» топтары қатысты. Түрлі тақырыпта мақалдар, жұмбақтар айтып жарысып, оқушылар айтысымен қорытындыланды.
Апталық қорытындысы шығарылып, апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Тіл мерекесі

{frage}


Похожие публикации:

01 апрель 2017 Мектеп тарихы
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru