«Ұстаз - ана, ұстаз- дана» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2021

«Ұстаз - ана, ұстаз- дана»

Тақырыбы: «Ұстаз - ана, ұстаз- дана»

Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білугемашықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп,әріп жазуға үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Мерекелік көңіл күй сыйлау.

Безендіру: Ұстаздарға арналған қабырға газеттері, ұстаздардың суреті жапсырылған стенд, шарлар, гүлдер.

1 қазан мектеп ауласының алдында таңертеңгі сағат 730 – 8 00 аралығында 11 сынып оқушылары және педагог-ұйымдастырушы Амиркулова Ж.К ұстаздарды көңілді «Ұстазым менің ұстазым» әнімен қол шапалақтап күтіп алды. Мектеп парламентінің президенті және оның фракциялары ұстаздарды қолынан алып мектепке кіргізіп тұрды. Мектепке кірер есігінде мектеп медбикесі Кистауова А.М. оқушылар мен ұстаздардың дене қызуларын тексеріп, антисанитарлық талапқа сай екендіктерін қадағалап мектепке кіргізді. Сонымен бірге кезеші сыныптар арақашықтық  1,5 м.нормаларының орындалуын қадағалап тұрды. Өзін –өзі басқару ұйымы мектеп бойынша жұмыс жүргізді. 10-11 сынып оқушылары сабақ кестесі бойынша өздеріне бөлінеген сыныптарға кіріп сабақ өткізді.

Сағат 10 00 –10 45  аралығында мектеп парламентінің президентінің басқаруымен ұстаздарды акт залында өтетін концерттік бағдарламаға шақырды. Ұстаздар санитарлық нормаларды сақтай отырып, арақашықтықты сақтап отырды. Ұстаздар барлығы  бетперде киіп отырды.

 Мектеп президенті 11 «А» сынып оқушысы Алимкулов М.Қ ұстаздарды төл мерекелірімен құттықтап сөз сөйледі. Жүргізушілер сахнаға шығып ұстаздарға арнап өлең ,тілектерін айтты.1 «А» сынып оқушысы Әкімжан Кәусар «Ұстазым» әнін орындады.Осы орайда кешегі күні өткен 1қазан қарттар күнімен ардагер ұстаздарды да құттықтап , ардагер ұстаздарға арнаған  бейнероликтерін көрсетті.

 Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Есеркенова Д.К берілді. Өз сөзінде ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап ,шығармашылық табыс тіледі.

Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ботантаева Р.С ұстаздарды құттықтап, аудандық мадақтамаларды табыс етті.

1 «Ә» сынып оқушылары тамаша би биледі. 6 «Б» сынып оқушысы Дутын Ж « Бас иемін мәңгі» атты ән орындап ,1сынып оқушылары мен 7 сынып оқушылары әдеби монтаж оқыды.

Ұстаздарға арналған құттықтау бейнеролик көрсетті.5 «а» сынып оқушылары керемет би биледі. 7 сынып оқушысы Бағжанар « Мың алғыс саған ұстазым» әнін тамаша орындап берді. 11 сынып ұлдары ұстаздарды биге шақырды. 

Оқушылар ұстаздарғаөз қолдарымен арнап жасаған ашықхаттарын табыс етті. 10 сынып оқушылары «Ұстазым» әнін хормен айтты. 11 сыныптар өздері дайындаған бейнероликтарын және әдеби монтаждарын көрсетті.

Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарға арнап өздерінің тілектерін арнады.

« Ұстазым» әнімен концерттік іс шараны аяқтады. Ұстаздар көңілді күймен тарасты.





Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru