«Өнерлі оқушы», «Қамқор оқушы» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Өнерлі оқушы», «Қамқор оқушы»
11
март
2022

«Өнерлі оқушы», «Қамқор оқушы»

Тақырыбы: «Өнерлі оқушы», «Қамқор оқушы»

Мақсаты: Оқушыларды өнерге,эстетикаға баулу, оқушыларды адамгершілікке,мейірімділікке, адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Адами құндылықтарды жоғары бағалау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.

  Мектебімізде 5-7 сынып арасында «Өнерлі оқушы» , «Қамқор оқушы» тақырыбында іс -шаралар өткізілді. Атап айтсақ 5-7 сыныптар арасында дене шынықтыру пәнінен дене қыздыру жаттығулары  және «баскетбол», «волейбол» жарыстары өткізілді.

1 қазан «Қарттар күніне» зейнеткер ұстаздарға құттықтау бейнероликтері жасалды. Бастауыш сыныптар қарттар күніне құттықтау ашық хаттарын жасады. «Ұстаз ана-ұстаз дана» атты мерекелік іс-шара өткізілді. «Ұстазым, менің ұстазым!» мұғалімдерге арналған әдеби-музыкалық бейнетаспа жасалды. Ы.Алтынсарин  180 жылдығына орай Республика бойынша онлайн «Көркем сөз оқу» байқауларына қатысып,жүлделі орындарға ие болды. 

Бастауыш сыныптар арасында «Күз мереке, Күз береке» тақырыбында қолөнер байқауы өткізілді. 

Мектеп парламентінің мүшелері ауылымыздағы қарттардың үйіне барып дала жұмыстарына көмек көрсетті.(Отын бұтау, көмір кіргізу, есік алдын сыпыру,су тасу,үйін жинау) Тағы осындай жұмыстар атқарылуда.


Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru