Мектептің педагог-психологы
Мектептің педагог-психологы Б.А.Кистауова 1 сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындығын анықтау мақсатымен Керн-Ирасек әдістемесін алды.
Мектептің педагог-психологы Б.Кистауова 1 сынып оқушыларымен жағымды қарым-қатынас орнату, психологиялық сүйемелдеу мақсатында «Танысу», «Менің сүйікті жануарларым», «Айырмашылығын тап», «Артығын белгіле», «Не жетіспейді?» жаттығуларын жүргізді.
Мектептің педагог-психологы Б.Кистауова мектептің 5 сынып оқушыларымен «Мен 5 сыныпқа көштім» тақырыбында оқушылардың орта буынға бейімделуіндегі қиындықтарды және пәндерге деген қызығушылығын анықтау мақсатымен сауалнама алды. Оқушылармен «Менің жақсы қасиеттерім» жаттығуын жүргізді.
Мектептің педагог- психологы Б.Кистауова 5-10 сынып оқушыларынан сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасын анықтау мақсатында социометриялық әдісін қолданды. Әр сынып бойынша матрица толтырылып, сыныптың лидерлері мен шеттетілген оқушыларды анықтады.
Мектеп психологы Б.Кистауова , педагог- ұйымдастырушы А.Байшигашева, мектеп медбикесі А.Кистауова мектептің қыздарымен жиналыста «Ерте жүктіліктің адам денсаулығына зияны», «Буллинг және киббербуллинг дегеніміз не және олардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектеп психологы Б.Кистауова ата-аналар комитетінің жиналысында «Буллинг және киббербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.буллинг пен киббербуллингтің алдын алуда мектеп - ата-ана бірлесе жұмыс жасау қажеттілігін түсіндірді.