Үйірмелер мен спорт сауықтандыру жұмыстарының жылдық талдауы2021-2022 о.ж
Посмотреть онлайн файл: jrmeler-2021-2022.docx
«2021-2022 оқу жылына үйірме сағаттарын беру» бұйрығы негізінде 18 мұғалімге 1 сағаттан 18 үйірме сағаттары , соның ішінде 2-4 сынып аралағында 1 сағаттан барлығы 7 үйірме сағаттары, 5-9 сынып аралығында 11 үйірме сағаттары берілді. Аталмыш сағаттар негізінде үйірме жұмыстарының кестесі құрылып, үйірме сағаттары берілген мұғалімдердің үйірме тақырыптары мен күнтізбелік тақырыптық жоспарлары құрылып, жиналды. Үйірме жетекшілері үйірмеге қатысатын оқушылардың тізімін жасап, олардан өтініштерді жинап, мектеп директорына қол қойғызды.
2-4 сынып аралығында Ш.Тәжібаева 2 «А» сыныбында «Қызықты грамматика» , А.Еликбаева 2 «Ә» сыныбында «Қызықты грамматика», Н.Нұрсапанова 3 «А» сыныбында «Қызықты грамматика», А.Адай 3«Ә» сыныбында «Қызықты грамматика», А.Төлегенова 4 «А» сыныбында «Қызықты грамматика», Л.Базильбаева 4 «Ә» сыныбында «Қызықты грамматика», Ш.Кульбаева 4 «Б» сыныбында «Қызықты грамматика» тақырыбында үйірме жұмыстарының жылдық жоспарын жасап, сол жылдық жоспармен аптасына бір сағат үйірме жұмыстарын өткізді.
«Қызықты грамматика» - бағдарламасын ала отырып, оқушы қазақ тілінен алған білімді бекітіп, тиянақтай білді. Тапсырмаларды орындай отырып жеке, жұпта, топта орындау арқылы өзінің ана тілін қаншалықты дәрежеде білетінін байқады.
2 «А» сыныбында 24 оқушы болды. Үйірме жетекшіс- Арип Ә.Б. Үйірме сабағының тақырыбын «Қызықты грамматика» деп алып 34 сағатқа жылдық жоспар жасалды. Аптасында бір рет(жұма сайын) болды. Сол тақырыптар бойынша жұмыс істелді. Оқушылардың жұмыс істеу барысында оқушылардың қабілеттеріне қарай сабақ тапсырмалары орындаудағы ерекшелігі мен алғырлығы, оқу мәнері, іздемпаздылығын бақылап отырды.
Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсене, топпен ,жеке жұмысты жасай отырып, тапсырмаға сәйкес жарыстар ұйымдастырылды, үйірмеге деген қызығушылары артты. Үйірмеде балалар берілген дыбыстарға , буындық дыбыстық талдаулар жасауды , дыбыстарды дұрыс жазуға үйренді. Мәтіндерды оқуып , мәтіндегі тапсырмаларды, кейіпкерлердіді талдауға үйренді. Сюжеттік суреттерге қарап отырып диалог құруды, сөйлем құрауды үйренді.
Сөзжұмбақ, ребустар, топтамалармен , тақпақ шығаруға, тестпен жұмыс жүргізілді. Оқушыларды диктан, шығармашылық диктан, суретті диктанттармен жүмыс жүргізілді. Оқушылар өздері топтама, ребустар , сөзжұмбақтар жасауды үйреніп келді. Бір жылда оқушылардың үйірмеге деген қызығушылықтары артты.
4 «Б» сыныбындағы өткен «Қызықты грамматика» үйірмесінің жетекшісі –Ш.Кульбаева.
Жалпы «Қызықты грамматика» үйірмесіне 4 «Б» сынып оқушыларының барлығы қатысты. Сыныпта 20 оқушы оның ішінде 13 қыз бала болды. Үйірме әр дүйсенбі 6 сабақта аптасына 1 сағат болды. Екі тоқсан бойы үйірме бойынша 17 сағат өтілді. Тақырыптық жоспар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 4 сыныпта қазақ тілі пәнімен байланысты құрылды.
4 «Ә» сыныбындағы өткен «Қызықты грамматика» үйірмесінің жетекшісі-А.Төлегенова. Жалпы «Қызықты грамматика» үйірмесіне 4 «Ә» сынып оқушыларының барлығы қатысты. Сыныпта 19 оқушы оның ішінде 12 қыз бала болды. Үйірме әр сәрсенбі 6 сабақта аптасына 1 сағат болды. Жыл бойы үйірме бойынша 34 сағат өтілді. Тақырыптық жоспар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 4 сыныпта қазақ тілі пәнімен байланысты құрылды.
Жалпы «Қызықты грамматика» үйірмесіне 4 «А» сынып оқушыларының барлығы қатысты. Сыныпта 20 оқушы оның ішінде 13 қыз бала болды. Үйірме әр сәрсенбі 6 сабақта аптасына 1 сағат болды. Екі тоқсан бойы үйірме бойынша 17 сағат өтілді. Тақырыптық жоспар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 4 сыныпта қазақ тілі пәнімен байланысты құрылды.
5-9 сынып аралығында 11 үйірме сағаттары берілді. Соның ішінде У.Н. Абдрасилова 6 «А» сыныбында «Ұлағат» тақырыбында қазақ әдебиетінен үйірме жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. «Ұлағат» үйірмесінің мақсаты - ұлттық өнерімізді, мәдениетіміз бен дәстүріміздің үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіру, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өрісіне шығарып нәр алдыру. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңесі мен өсиеттері арқылы қалыптасқан ұлттық рухын, ұлттық намысын ана тілі мен мәдениеті қойнауында тәрбиелеп өсіру.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау мақсатында «Ұлағат» үйірмесінің жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп келді. Үйірмеге 6 а сыныбының 23 оқушысы қатысты. Үйірмеде өтілетін әрбір сабақтың мақсаты- ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр,әдет-ғұрып, дінімізбен ұштасып жатқан ырым-тыйымдар мен аңыз әңгімелерді қайтадан жаңғыртып, оқушыға таныстыру.
Мысалы «Сүйінші сұрау» тақырыбы бойынша сүйінші сөзіне түсініктеме беріліп, қандай жағдайда сұралатыны жайлы мағлұмат берілді. «Салт-дәстүрлер сөйлейді» кітабынан Ыбырайым пайғамбардың қуанышы кезіндегі сүйінші сұрауы жайлы аңыз таныстырылды
«Сәлемдесу үлгісі» тақырыбында амандасу түрлері, әр елдің сәлемдесуі жайлы қызықты деректер таныстырылды.
Үйірмеде «Тыйым сөздер» , «Азан шақырып ат қою», «Қалжа беру» т.б тақырыптар бойынша қызықты мәліметтер берілді.
Г.Шамеденоваға 2 сағат үйірме сағаттары берілді. Г.Шамеденова 5 «А» және 5 «Ә» сыныптарына «Жер ғаламшар» атты география пәнінен үйірме жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. «Жер ғаламшар» үйірмесінің мақсаты- оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым – қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, өз ойын география тілімен өрнектей білуге машықтандыру.
К.Рахимова 7 «А» және 7 «Ә» сынып қыздарына «Алтын оймақ» тақырыбында көркем еңбек пәнінен үйірме жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Үйірме мақсаты- оқушыларға қолайлы жағдай жасау және оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
К.Рахимова 7 «А» және 7 «Ә» сынып ұлдарына «Алтын оймақ» тақырыбында көркем еңбек пәнінен үйірме жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Барлығы 34 сағат үйірме жұмыстарын жүргізді. Үйірме мақсаты- оқушыларға қолайлы жағдай жасау және оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Г.Амирхановаға 2 сағат үйірме сағаттары берілді. 6 «А» және 6 «Ә» сыныптарына «Домбыра үйренейік» атты музыка пәнінен үйірме жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. «Домбыра үйренейік» үйірмесінің мақсаты- домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып , аспапқа деген қызығушылығын арттырып , оқушыны домбырада ойнауға үйрету. Оқушыларды домбыра тартуға үйретіп, мектепте домбырашылар ансамблін құрды.
Б.Мажиков 9 «Ә» сыныбында «Сурет сыры» тақырыбында сурет пәнінен үйірме жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Барлығы 34 сағат үйірме жүмыстарын жүргізді.
Бастауыш сынып жетекшілері және пән мұғалімдері Күнделік КЗ ке жоспарлар және оқушылар тізімі енгізіліп, аптасыны бір уақыт тексеріліп қадағаланып отырылды.
2021-2022,2022-2023,2023-2024 оқу жылдарында «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», «Футзал», «Шахмат,дойбы, тоғызқұмалақ», «Асық ату», сынды спорттық сауықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Спорттық сауықтандыру жұмыстарына: 2021-2022 оқу жылында – 121 бала, 2022-2023 оқу жылында – 260 бала 2023-2024 оқу жылында – 90 бала тартылған.
2021-2022 оқу жылы бойынша 5-8 сыныптар аралығында 5 спорттық сауықтандыру жұмыстары жүргізілді. 5 мұғалімге аптасына 3 сағаттан 15 сағат бөлінген. Оның ішінде «Үстел теннисі», «Волейбол», «Баскетбол», «Тоғызқұмалақ», «Футзал» спорт секциялары өткізілді. Спорт секциялары тоқсан бойынша бекітілген кесте бойынша өз жұмыстарын жүргізді. Спорт секция жетекшілері өз сағаттарын жоспар бойынша ҚМЖ жазып өткізіп отырды, тоқсан барысында келген кеткен оқушыларды тізім бойынша белгілеп, келген оқушылардан өтініштерін қабылдап, үйірмелеріне қатыстырып отырды.
Үстел теннисі үйірмесіне 8«А» сынып қыздары мен ұлдары қатысты. Үйірме жетекшісі: Р.Ботантаева. Үйірменің мақсаты: Оқушының бойында жылдамдық,ептілік,қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру,ойлау қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы басында үстел теннисі үйірмесінің жылдық жоспары жасалынып бекітілді. Үйірменің алғашқы сабақтарында техника қауіпсіздігі ережесімен таныстырылды,теориялық мәлімет берілді.
Жақсы ойын үшін тек жылдам қозғалу ғана емес сонымен бірге қатты да, дәл соққы жасай білу керек.Сондықтан оқушылар төмендегі әдістерді үйренді:
1) Доп берулер.
2) Ұтыс ұпайына тура бағытталған шабуыл.
3) Шабуылға дайындау.
4) Қарсыласқа шабуылдауға бермейтін,қорғау.
5) Соққы аралық,жеке,қайталанатын соққылар.
6) Доптың айналу бағыты мен күші бойынша
әр түрлі соққылар жасау.
7) Әр түрлі белсенді-қатты кесіп алу және
айналған соқылар жасау.
8) Үстел бұрышына қиғаш.
9) Үстел ортасынан қиғаш.
10) Үстелдің алыс зонасынан бұрышынан ортаға.
«Баскетбол» үйірмесі жылына 34 сағат,оның ішінде жарты-жылдықта-15 сағаттан өтілді. Баскетбол үйірмесінің мақсатты: Оқушының бойында жылдамдық,ептілік,қимылды басқарушылық,зейінділігін арттыру,ойының техникасы мен тактикасын үйрету. «Баскетбол» үйірмесіне 6 «Б» сынып қыздары мен ұлдары қатысты. Оқу жылы басында баскетбол үйірмесінің жылдық жоспары жасалынып бекіттілді.
Қаңтар айында ұйымдастырылған мектеп лигасы бойынша 6 «Б» сыныбы 1 орын алды.
Аймақтық лига бойынша Ақши ауылы,Бөлек батыр орта мектебінде қыздар арасында 5-6 сынып оқушылары 2 орын алды.
Аймақтық лига бойынша Байдібекби ауылы, Т.Аубакиров орта мектебінде ұлдар арасында 5-6 сынып оқушылары 2 орын алды.
Үйірме жетекшісі: Д.Қапалбаев
«Тоғызқұмалақ » үйірмесіне 5 «А» сынып қыздары мен ұлдары қатысты. Үйірме жетекшісі: Н.Жылкелді. Тоғызқұмалақ үйірмесінің мақсатты: оқушының бойында жүйелі ойлауды,аз уақытта ойларын шоғырландыруға,тез шешім қабылдауға,зейінділігін арттыру,ойлау қабілетін қалыптастыру. Оқу жылы басында Тоғызқұмалақ үйірмесінің жылдық жоспары жасалынып бекітілді.
Тоғызқұмалақ-қазақта кең тараған,өте қызықты,ойлы ойын. Тоғызқұмалқ ойнаушының үнемі жетілуінен,жүйелі түрде дайындық сағаттарын жүргізуден кейін нәтиже күтуге болады.Сондықтан төмендегідей әдістер оқушыларға үйретілді :
1) Жүрістің түрлері .
2) Тұздық немесе тұзды үй.
3) Бай ортаулар.
4) Жүрісті есептеу.
5) Тоғызқұмалақ нотациясы мен партиялары
6) Жүрісті талдау
7) Ілгері және кері есеп . Қырбалтабай ауылы әкімінің сыйлығына жарыс ұйымдастырылып, оқушылар белсенділікпен қатысты.
«Футзал» үйірмесіне 7 «А» 7«Ә» сынып ұлдары қатысты. Үйірме жетекшісі: М.Шаяхмет. «Футзал» үйірмесі жылына 34 сағат,оның ішінде жарты-жылдықта-15 сағаттан өтілді. Футзал үйірмесінің мақсаты: оқушының бойында жылдамдық,ептілік,қимылды басқарушылық,зейінділігін арттыру,ойының техникасы мен тактикасын үйрету. Оқу жылы басында «Футзал» үйірмесінің жылдық жоспары жасалынып бекітілді. Үйірменің алғашқы сабақтарында техника қауіпсіздігі ережесімен таныстырылды,теориялық мәлімет берілді.
Футзал-жасөспірімдерді қызықтыратын,көптік спорт түрі.Оның ерекшеліктері-ол әр түрлі қозғалысқа бай.Футзал ойнау үшін жылдам жүгіру,жүгіру бағытын мен жылдамдығын ауыстыру,күшті,екпін және төзімді болу керек. Спорт секциясына қатыса отырп, оқушылар төмендегідей әдістерді үйренді:
1) Алаңда кедергілер арасымен допты алып жүру.
2) Ауыттан допты тастап үйрену.
3) Айып добын тебуды үйрену.
4) Аяқ ұшымен тебу.
5) Допты баспен ұры түрлері
6) Допты қақпаға дұрыс бағыттау
7) Допты тартып алу тәсілдері.
М.Шаяхмет жетекшілігімен «А» 7 «Ә» сынып оқушылары «Футзал» ойыны бойынша аймақтық лигадан 1-орын алып, аудан бойынша 3-орынға ие болды.
«Волейбол» үйірмесі жылына 34 сағат,оның ішінде жарты-жылдықта-15 сағаттан өтілді. Волейбол үйірмесінің мақсатты: оқушының бойында жылдамдық,ептілік,қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру,ойының техникасы мен тактикасын үйрету. Үйірме жетекшісі Е.Қамза. «Волейбол» үйірмесіне 6«А» сынып қыздары мен ұлдары қатысты. Оқу жылы басында волейбол үйірмесінің жылдық жоспары жасалынып бекіттілді. Үйірменің алғашқы сабақтарында техника қауіпсіздігі ережесімен таныстырылды,теориялық мәлімет берілді.
Волейбол-жасөспірімдерді қызықтыратын,көптік спорт түрі.Оның ерекшеліктері-ол әр түрлі қозғалысқа бай.Волейбол ойнау үшін жылдам жүгіру,жүгіру бағытын мен жылдамдығын ауыстыру,күшті,екпін және төзімді болу керек. Оқушылар спорт секциясына қатысу арқылы төмендегідей әдістерді үйреніп, жетілдірді:
1) Допты екі қолмен төменнен қабылдау.
2) Тосқауыл қою.
3) Ойын тактикасының элементтерін жетілдіру.
4) Допты ойынға қосу.
5) Допты қабыладау.
6) Шабуылдау соққыларын орындау тәсілдері.
7) Арнайы дене жаттығулары.
6 «А сыныбы мектеп лигасы бойынша 2 орын алды.