Мектепішілік оқушылар жиыны » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
19
январь
2024

Мектепішілік оқушылар жиыны

19.01.2024ж 4-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік оқушылар жиыны өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мектептің тәртіп ережесін сақтауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, оқушы жетістіктерін мадақтау арқылы өзге оқушыларға үлгі көрсету, алға ұмтылу қабілеттерін дамыту.
15.01-19.01.2024ж аралығындағы аптаның оң нәтижелері:
1. Еңбекшіқазақ ауданы жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілген аудандық "Сардар-2024" кешенді олимпиадасына қатысқаны үшін "Ы.Алтынсарин орта мектеп" командасына Алғыс хат берілді. Оның ішінде олимпиадаға қатысқан Оңай Шыңғыс, Нұрданәлі Елдос, Булат Бекнұр. Жетекшісі: А.Абыханов.
2. Қазақ күресінен 2009-2010 ж.т.кіші жасөспірімдер арасындағы Алматы облысының чемпионатында 70келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын алғаны үшін Жапутан Жігер марапатталды. Жетекшісі:Д.Капалбаев.
3. "Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың мәдени білім беру жалпыұлттық пікірталас қозғалысы жобасы аясында тіл байлықтарын дамыту мақсатында "Вакцинаның балаларға маңыздылығы" тақырыбындағы пікірталаста 7-8, 9-10 сынып пікірсайысшылары арасында ерекше көзге түсіп, номинациялар иеленген оқушылар жарнамаланды:
1.8 "Б" сынып оқушысы Қайбжан Алина "Лучший оратор",
2. 7"Ә" сынып оқушысы Жанелхан Зерде "Лучший көшбасшы",
3. 7"Ә" сынып оқушысы Разғатқызы Күнсұлу "Лучший спикер"
4. 9"Ә" сынып оқушысы Оңғарбай Камшат "Ең білімді ойыншы",
5. 10"А" сынып оқушысы Орынбек Нұрсұлтан "Ең тапқыр ойыншы,
6. 10"А" сынып оқушысы Рахымжан Мейірбан "Ең мақсатты ойыншы"
Жетекшілері: Н.Алмабекова. Қ.Кистауова.
4.Дзюдо күресінен "Жыл үздігі" төс белгісімен марапатталған 7"А" сынып оқушысы Жақсыбаев Алихан Арманович мадақталды.
5. Дзюдо күресінен 2012-2013, 2024-2015 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Еңбекшіқазақ ауданының ашық біріншілігінде 35келі салмақ дәрежесінде 1орын алған 4"А" сынып оқушысы Нұрбақыт Нұғман марапатталды.
6. Сонымен қатар 15.01.-19.01.2024ж мектепішілік кезекшіліктің оң нәтижесі жарияланды:
1. Аптаның ең таза сыныптары: 8"Б", 8"Ә" сыныптары.
2. Аптаның ең ұқыпты қыздары: 7"Ә" сынып оқушысы Қадырбай Луиза, 6"Б" сынып оқушысы Нұрбақыт Нұрай, 7"Ә" сынып оқушысы Жанелхан Зерде.
https://www.instagram.com/p/C2R94uPN4eM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​