Хабарландыру
Хабарландыру
«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес Қырбалтабай ауылы Ы.Алтынсарин улица №3 үйде орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Ы.АлтынсаринСредняя школа имени - мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» отдела образования Шуского районанің педагогі (математика пәнінің мұғалімі) қызметі бос лауазымды орынға конкурс жариялайды.
Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін:
1. педагог-шебер
2. Педагог-зерттеуші
3. педагог-сарапшы
4.педагог-модератор.
Орта білім беру мекемесі педагогінің лауазымдық міндеттері: 1)Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады; 2)Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды; 3)Электронды журналдарды толтырады; 4)Әдістемелік бірлестіктердің, педагогикалық/әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; 5)Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады; 6) Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді; 7)Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. т.с.с.
Лауазымдық жалақы мөлшері- шамамен 190000 теңге.
Білім беру мекемесі хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау хабарлама білім беру ұйымының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде , яғни, 2022 жылғы 23 мен 31 тамыз аралығында «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « «Ы.АлтынсаринСредняя школа имени - мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ –де қабылданады (Қырбалтабай ауылы, Ы.Алтынсарин улица, №3 үй).
Конкурстың өтетін күні мен уақыты құжат тапсырушы үміткерлерге жеке хабарланатын болады.
Қосымша мәліметтерді 872775-53-2-25 телефон нөміріне хабарласып немесе ibrai_altynsarin.kirb@mail.ru электронды поштасына хат жазу арқылы білуге болады.