Қыздар кеңесі » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
12
февраль
2018

Қыздар кеңесі

2017 жылғы 20 қыркүйек күні мектеп бойынша 5-11 сыныптар арасында қыздар кеңесі өткізілді. 2017-2018 оқу жылының «Аққу қыздар» ұйымының іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Ұйым жетекшісімен және оның көмекшілерімен таныстырылды.Мектептегі қыздар кеңесі төмендегі құраммен бекітілді.
1.Кеңес жетекшісі-Шоманова Д.Е.
2.Кеңес төрағасының орынбасары- Досанова Ж.Т.
3.Хатшы- Амиркулова Г.К.
Кеңес мүшелері: 1 Ашан А. 11 «А» сынып
2 Кадырова Д. 11 «Ә» сынып
3 Қойлыбай А. 10 «Ә» сынып
4 Хамза Ә. 8«Ә» сынып
5Тұрсынғазы Г.8 «А»
Мақсаты: мектеп жасындағы оқушылардың сабақтан қалмауына,мектептегі қыздартәртібіне,киім киісіне,сабақ үлгеріміне ден қоя отырып, олардың бойында елжандылық, имандылық,кішіпейілділік,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Жаман әдеттерден аулақ болуын қадағалау.
Кеңес жетекшісі- Шоманова Д.Е. қыздардың мектеп формасын сабаққа үнемі киіп келуін, сабақтан себепсіз қалмауын,шаш үлгісін талапқа сай жасауын, кіші сыныптың оқушыларына үлгі көрсету туралы айтып өтті. Түнгі мезгілде қыздардың көшеде жүрулерін тоқтату керектігі,ата-анасының рұқсатынсыз басқа жақтарға кетіп қалмауын,өз беттерінше жиын-кеш жасауларын болдырмау және үлкен қыздар шылым шегуден бас тартуларын айтып өтті.
Кеңес төрағасының орынбасары- Досанова Ж. Т. Өз сөзінде қыздардың жеке бас гигиенасын сақтауды,тырнақ өсірмеуді,мектепке бет әлпеттерін бояп келмеулерін,дәретханаға барғанда тазалықты сақтауды айтты.Сонымен қатар үлкен сыныпта оқитын қыздар кіші сынып қыздарына күш көрсетпеулерін,керісінше көмек көрсетіп,адамгершілік қасиеттерді ұмытпауларын айтып өтті. Мектеп психологі- Кистауова Б.А. қыздармен сұхбаттасып,олардан сауалнама алды.Әр отбасында болатын түрлі жағдайларға түсініушілікпен қарауды ұсынды.Қыздарымыз болашақ ана болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау,суық тигізбеу,бойларына қазақ қыздарына тән тек жақсы қасиеттерді сіңіруді айтып өтті.Қыз келбеті қандай болу керек? деген сауалға қыздар өз пікірлерін ортаға салды. Ерте жастағы жыныстық қатынасқа бармау туралы,сол арқылы жұғатын
жұқпалы аурулардың алдын алуды ескертті. Уақытылы дәрігерге қаралып тұруды ұсынды. Мектеп психологі- Кистауова Б.А. қыздардан «Қыз бейнесі» тақырыбында сауалнама алды.
Қорыта келе қыздар кеңесі қанағаттанарлық деп аяқталды

Похожие публикации:

12 февраль 2018 Ұлдар кеңесі
09 февраль 2018 Денсаулық күні