01
январь
2022
Мектеп жанындағы интернат психологы
Мен Мұратғали Әдемі Қайратқызы 1999 жылы маусым айының 24 күні Алматы облысы Балхаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келдім. Ұлтым: қазақ
Алматы облысы Балхаш ауданы Бақанас ауылындағы «№1 Бақанас орта мектепті» 2017 жылы бітіріп, 2017 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің «Педагогика және психология» факультетіне оқуға түсіп, «Психология» мамандығын оқып шықтым. Тұрмыстамын. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы «Ы.АлтынсаринСредняя школа имени -мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ-нің мектеп жанындағы интернатта «психолог» маманы болып жұмыс жасаймын.