«Бас бақытым-Тәуелсіздік ала алғаным» тақырыбында дебат өтті.
«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемге жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді.2021 жылдың 22- қараша- 15-желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнін және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу туралы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұйрығы негізінде мектеп ішінде бұйрық шығарылып, және осы бұйрықтың негізінде жоспар жасалды. Аталмыш жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Соның ішінде 14-желтоқсан күні «Бас бақытым-Тәуелсіздік ала алғаным» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатты 8-10 сынып оқушыларымен А.Мурунбаева Ж.Әбдіқадыр өткізді. Дебаттың мақсаты- оқушыларға пікірталас арқылы, өз ойларын еркін айтуға, сөздік өорларын молайтуға, ел алдында сөйлеуге машықтандыру