« Тілім менің –тірлігімнің айғағы»
Тақырыбы: « Тілім менің –тірлігімнің айғағы»
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін сүюге ,құрметтеуге, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу. Бірнеше тіл білудің адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндіру. Школьникам қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтқандай «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деген нақыл сөзінің мағынасын таныстыру. Тіл туралы мақал- мәтелдер, нақыл сөздер ,көркем әдебиеттер оқуға шақыру
Мектебіміздегі сынып жетекшілер тіл туралы сынып сағаттарын өткізді. 3» а» сынып жетекшісі Нурсапанова Н. «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сынып сағатын өтті. 5» А» сынып жетекшісі Абдукалыкова Шолпан тіл мерекесіне орай Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына қатысты әдеби сазды кеш өткізді. Керемет кеш аудандық Еңбекшіқазақ газетіне мақала болып жарияланды. 5-11 сыныптар тіл туралы әртүрлі тақырыпта сынып сағаттарын өткізіп,коллаждар жасалды. Мектебімізде орыс тілі,ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері де сынып сағаттарын өткізді.