«Кел, балалар, оқылық!»
Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!»
Мақсаты: Алғашқы қоңырау 1 қыркүйек –Білім күні үлкен мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру,білімге деген құштарлығын арттыру;
Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру;
Мерекелік көңіл кдомсыйлау.
Безендіру: баннер, шарлар, гүлдер.
1 қыркүйек мектеп ауласының мектепке кірер есігінде мектеп медбикесі Кистауова А.М. 1 сынып оқушыларының дене қызуларын тексеріп, антисанитарлық талапқа сай екендіктерін қадағалап мектепке кіргізді. Сонымен бірге кезеші мұғалімдер арақашықтық 1,5 м.нормаларының орындалуын қадағалап тұрды.
1«А» сынып жетекшісі Сариева Б.Х.
1 «Ә» сынып жетекшісі Боранбаева А.Т. болып тағайындалды. Барлығы 36 оқушы 1 сыныпқа қабылданды. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер мектеп ішінен сынып жетекшілерімен бірге , «Мектебім» әнінің орындалуымен мектеп ауласына қошеметпен тұрғызылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Мектеп директоры Есеркенова Д.К. алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап сөз сөйледі.1 сыныптар « Кел, балалар, оқылық» әнін хормен айтып, жаттаған тақпақтарын, әдемі билерін биледі. Мақашұлы Қуаныш және Әділжан Кәусар « Мен мектепке барамын!» әнін орындады.
Сынып жетекшілері « Әліппе» оқулығын салтанатты түрде музыка әуенімен әр оқушыға жеке-жеке табыстады.
1 « А» сынып жетекшісі Сариева Б.Х. бүлдіршіндерді құттықтап сөз сөйледі.
6 «Б» сынып оқушысы Дутын Жансая «Ұстазым» әнін орындады. Алғашқы қоңырауды барлық оқушылар кішкене қоңыраушалармен соқты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен аяқталды.