07
декабрь
2021
«Өмір сен маған қымбатсың»
Мерзімі: 07.12.2021ж.
Қатысушы: 8 «ә» сынып
Тақырыбы: «Өмір сен маған қымбатсың»
Мақсаты: оқушылардың өмірге деген дұрыс көзқарас және жағымды эмоция қалыптастыру.
8 «ә» сынып оқушыларымен «Өмір сен маған қымбатсың» тақырыбында топтық жұмыс жүргізілді. Оқушылармен өмір тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушылардың ойлары тыңдалды. «Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?» тақырыбында топтық жұмыс жүргізді. Өз ойларын постер құрастырып, қорғады.
«Өрмек торы» жаттығуы жүргізілді. Нұсқаулық бойынша оқушылар «Мен өмірді сүйемін, себебі...... сөйлемін аяқтауы керек .... оқушылар сөйлемді аяқтап ,өз ойларын айтып шықты.
Сынып оқушылары белсенді қатысты. Өз ойларын толық және еркін жеткізе алды.