«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ оқу жобаларының жүргізілуі туралы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ оқу жобаларының жүргізілуі туралы
11
сентябрь
2023

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ оқу жобаларының жүргізілуі туралы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен» КММ оқу жобаларының жүргізілуі туралы

2023-2024 оқу жылының басында мектеп басшысының бұйрығын басшылыққа алып, оқу жобалары бойынша жоспар құрылды. Жоспар бойынша мыннадай жобалар мектепте жұмыс жасайды:

  1. «Пластикалық бөтелкенің екінші өмірі»

Мақсаты: пластикалық бөтелкелерді күнделікті өмірде екінші рет қолдану мүмкіндігін зерттеу.

Жетекшісі: Кистауова А

Сыныбы:8 

  1. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктің пайдасы "Алоэ"

Мақсаты: Оқушыларды ғылыми жобаға қатыстыру үшін ынталандыру.Өз өлкеміздегі дәрілік өсімдіктердің иммундық жүйеге әсерін зерттеу,тұнба кеппе  шөптерін жинап қолдану тәсілдерін насихаттау,иммунитет туралы білімдерін жетілдіру,антиденелер жайлы толық мәлімет беру.

Жетекшісі: Станбекова Б

Сыныбы:10

  1. Тақырыбы: "Антарктида мәселелері"

Мақсаты: Антарктида материгінің мұз жамылғысының еру салдарынан планетарлық деңгейдегі өзгерістерді болжау 

Нәтиже: Антарктида материгінің мұз жамылғысының еру салдарынан планетарлық деңгейдегі өзгерістерді біледі.

Жетекшісі: Алмабекова Н

Сыныбы: 6

     4. «Оқуға құштар мектеп»  жобасы бастауыш сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат»

Жобаның мақсаты: оқушыларды ертегі оқуға баулу арқылы олардың ой өрісінің кеңуіне ықпал ету, қиялдау мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Ертегі халық - даналығының қайнар көзі болғандықтан ертегі оқуды әдетке айналдыру, балаларды өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу, балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 

Жобаның міндеттері: 

Ертегілердің рөлін анықтай  отырып, әдеби мәтінге талдау жасау

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін ашу.

Ғылым мен техика дамыған заманда 

Күтілетін нәтиже: 

Оқушылардың ертегі  кітаптарына қызығушылығын артыру.

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Ойлау, есте сақтау, жағымды кейіпкерлерді, жағымсыз кейіпкерлерді жаырата опырып, өмірге бейімдеу.

Жауапты: «Бастауыш» ӘБ 

Сыныбы:1-3

  1. «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында «Анамның ертегісі» жобасы

Жобаның мақсаты:

Оқушыларды ертегі оқуға баулу арқылы олардың ой өрісінің кеңеюіне ықпал ету, қиялдау мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, ата- аналармен байланыс орнату. Ертегі халық - даналығының қайнар көзі болғандықтан ертегі оқуды әдетке айналдыру, балаларды өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу, балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 

Жобаның міндетері: 

Ертегілердің   рөлін анықтай  отырып , әдеби мәтінге талдау жасау

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін ашу.

Ғылым мен техика дамыған заманда ертегінің балаларға тигізетін пайдасын анықтау

Күтілетін нәтиже 

Оқушы лардың ертегі  кітаптарына қызығушылығын артыру.

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Ойлау, есте сақтау, жағымды кейіпкерлерді, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата отырып, өмірге бейімдеу.

Ата-анамен байланысты күшейту

       6. Тақырыбы: «Өзгеше өнер шеберлері»

Мақсаты: достық қарым-қатынас,зейінді,қамқор мінез-құлық дағдыларын,алған әсерлерімен  бөлісуге ұмтылуды дамыту.Балалардың актерлік шеберлігін дамыту.

Жетекші: «Полиглот», «Словесник» ӘБ

Сыныбы: 8

  1. Тақырыбы: «Математика және логика»

Мақсаты: «Qalan» платформасы арқылы математика пәнінен логикалық есептерді шығару. 

Жетекші: «МИФ» ӘБ

Сыныбы: 6

  1. Тақырыбы: «Сахна өнері» 

Мақсаты: Оқушылардың рухани құндылықтарын байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру; ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Жауапты: «Мирас» ӘБ


«ГЛОБУС» пәндер бірлестігінде «Пластикалық бөтелкенің екінші өмірі» және «Дәрілік өсімдік алоэның адам ағзасының иммундық жүйесіне әсері», «Антарктида мәселесі»  атты жобалармен жұмыс жасалып отыр.

8 «Б» және 10 «А» сынып оқушылар Рахим Ш. және  Несипханова С. 2023-2024 оқу жылының  26- қазан күні  8-11 сыныптар   арасындағы   Ақши ауылындағы  «Бөлек батыр»  атындағы орта мектепте «Дарын» ғылыми жобасына  қатысты.  

Оқушылардың  жазған ғылыми жұмысы халықтың денсаулығын жақсартуға үлесін қосады, өзгелерге үлгі болады деген сенімде. 

Тақырыбы: "Антарктида мәселелері" 

6"Б" сынып оқушылары: Нұрбақыт Нурай, Туранов Айдос

Мақсаты: Антарктида материгінің мұз жамылғысының еру салдарынан планетарлық деңгейдегі өзгерістерді болжау 

Нәтиже: Антарктида материгінің мұз жамылғысының еру салдарынан планетарлық деңгейдегі өзгерістерді біледі

2023 2024 оқу жылының басында бастауыш сыныптар бойынша үш жоба алынды. Жоба тақырыптары " Ертегілер елінде" , 3 сыныптар "Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру" және 4 сыныптар "Анамның ертегісі" осы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Нәтиже: оқушыларды ертегі оқуға қызықтыру, ізденуге, ойлау, есте сақтау қабілетерін дамыту.

«Өзгеше өнер шеберлері» жобасы бойынша Отандық ертегілерімен таныстыру мақсатында 9 қазан күні 8 А сынып оқушыларымен "Жиренше мен Хан" аңызының үзіндісі бойынша оқушылармен 2 минуттық бейнеролик түсірілді: Жиренше ғасырлар бойы өзінің ақылдылығымен, және шешендігімен дәріптеген қарапайым адам. Ол Қазақ хандығының негізін қалаушыларының бірі Жәнібек ханның кеңесшісі болған, сондай – ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға серпін беріп, оларды киноөндірістің практикалық дағдыларын игеруге, креативті ойлауды дамытуға, балаларды отандық және әлемдік кинематографқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін кино мамандықтарымен таныстыру.

«МИРАС» пәндер бірлестігінде «Сахна өнері » жобасы бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қыркүйек айында" "Сахна" театрына 6-10 сынып аралығындағы оқушыларды қабылдауға іріктеу жүргізілді және "Сахна тәрбие құралы" театр өнерінің мектепішілік қойылымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазан айында 

Қойылым тақырыбы мен идеясын таныстыру, оқушыларға рөлдерді ұсыну жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқу жылының аяғында оқушылар;

1.Сахнаның негізгі техникалық құралдары жөнінде 

2. Сахна мен көрермен залында өзін-өзі ұстау ережелері туралы үйренеді


МИФ бірлестігінің “Qalan” платформасы арқылы «Математика және логика» жобасы бойынша жұмыс жасап жатыр. Осы платформа жүзеге асыру мақсатында оқушылардың білімін шыңдау мүмкіндігін, сонымен қатар әр тақырыпқа бейнесабақ форматында жасалғанын ескере отырып, “Математика және логика” жобасын құру туралы отырысы өткізілді. Бәсекелестік рейтинг жүргізудің нәтижесінде оқушының сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында 6-8 сынып оқушыларын алып отырмыз. 

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru