Отбасы күні
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 11-15 қыркүйек аралығында «Отбасы – рухани жаңғыру негізі» атты тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушыларға отбасының қадірі, ондағы отбасы мүшелерін құрметтеп сыйлау және ата-анаға деген құрмет көрсету, татулық, бірлікте өмір сүру туралы оқушыларға айтып түсіндіру. «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық аптаға арналған жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Сол жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді.